сайт статистики

Мұнайшы мамандығын қалай меңгеруге болады?

ҚР Білім және ғылым мнистрлігі «Ембімұнайгаз» АҚ қолдауымен APEC Petrotecnic Жоғары колледжі базасында мұнайлы өлкеде екі күндік баспасөз турын өткізді. Ұлттық мұнайдың 120 жылдығы қарсаңында жиырма шақты журналист Қазақстанның мұнай саласының өткені мен бүгінгін көруге мүмкіндік алды. Тіпті, болашағына да барып қайтқандай күй кештік. Ал бұл экскурсиялық шараның мақсаты – дуалды білім берумен танысу. Бүгінгі таңда бұл жүйе техникалық мамандық дайындаудың тиімді үлгілерінің бірі.

Мұнайшы мамандығын қалай меңгеруге болады?

Дуалды білім берудің ерекшелігі. Атырау облысы көмірсутегін өндіретін өңір ғана емес, ол еліміздің мұнай саласына мамандар дайындайтын «шеберхана» іспетті. 2015 жылдың тамызында еліміздегі сан жылғы мұнай өндіруші компания «Ембімұнайгаз» АҚ – Атырау мұнай және газ университеті мен AРEС Petrotechnic Жоғары колледжінің студенттерін қосарлы оқытуға арналған пилоттық жобаны іске қосты. Жобаның міндеті – екі оқу орнындағы берілетін теориялық білімдерді «Ембімұнайгаз» компаниясының кен орындарында тәжірибеден өту арқылы нығайта түсу. Осылайша, компания кадр іздеу мен оларды қайта оқытуға кететін шығындарды азайтып, өз кадрларын дайындау мүмкіндігіне ие болды. Ал студенттерге оқу орнында алған білімдерін өндірісте шыңдап, кейін 100 пайыз жұмысқа орналасып кетуге жол ашылды. Қосарлы оқыту үшін кететін шығындардың барлығын «Ембімұнайгаз» компаниясы өз міндетіне алды.

Мұнайшы мамандығын қалай меңгеруге болады?

Оқыту жүйесі жеңіл әрі тиімді: студенттер «Ембімұнайгаз» бөлімшелері бойынша бөлініп, вахта бойынша жұмыс істейді, яғни 14 күн өндірісте болса, 14 күн сабақтарын оқиды. Тағылымдама біткеннен кейін студенттер емтихан тапсырады. Соның нәтижесімен оларға біліктілік санаты беріліп, еңбек кітапшаларында жазба қалдырылады. 2016 жылдағы қорытынды тестілеу нәтижесі бойынша жұмысқа 4 түлек қабылданған. Бұдан бөлек, «Эмбімұнайгаз» АҚ оқуын тәмамдаған 8 студентті тестілеу нәтижесі бойынша жұмысқа қабылдаған.

Мұнайшы мамандығын қалай меңгеруге болады?

Жыл өткен соң  «Ембімұнайгаздың» үш құрылымдық бөлімшелерде («Қайнармұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз») қосарлы оқытудан өткен 12 түлек біліктілік емтихандарын тапсырып, соның нәтижесінде екі мамандыққа ие болды. Олар: «Ұңғымаларды сынау бойынша оператор» және «Сусыздандыру және тұзсыздандыру құрылғысының операторы». 2018 жылдың басында ұлттық компания алаңында Атырау мұнай және газ университет мен APEC PetroTechnic жоғары колледжінің 24 студенті оқып шықты. Осылайша дәл осы компания елімізде алғашқылардың бірі болып дуалды білім беру жүйесін енгізді. 2015 жылдан бері компанияның өндіріс алаңында 140 студент дуалды білім беруден өткен. 40 жас түлек жұмысқа орналастырылған.

Мұнайшы мамандығын қалай меңгеруге болады?

Әлемдік деңгейдегі колледжде. Атырауға барғандағы алғашқы тұрағымыз 6 жыл бұрын ашылған APEC PetroTechnic Жоғары колледжі болды. Осы жылдар аралығында әлемдік деңгейдегі оқу орны 700 қазақстандық маман дайындап шығарған. Бүгінде ол жерде 858 студент 3 бағыт бойынша оқытылады: мұнай және газ ұңғымасын бұрғылау, мұнай және газ өндіру технологиясы, КИП инжинирингі технологиясы, химиялық инжиниринг технологиясы, электрмен қамтамасыз ету және мұнай орындарын пайдалану. 2011 жылдың сәуір айында Н. Назарбаев әлемдік деңгейдегі колледждер желісін құруды тапсырған болатын. Осы орайда жаңа колледждерді құру әрі халықаралық тәжірибені техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгізуге бағытталған «Кәсіпқор» холдингі құрылды. 2013 жылы наурызда Холдингтің алғашқы жобасы – «АПЕК Петротехник жоғары колледжі» ЖШС ашылды. Оқу орны мұнай-газ саласында білікті мамандарды дайындайтын білім ордасы ретінде жұмыс істеп келеді,- деді Ермек Күзембаев.

Мұнайшы мамандығын қалай меңгеруге болады?

Ол 2015 жылдан колледжді басқарып келеді. – Оның бірегейлігі бірнеше өлшемдерде жатыр, оның ішінде халықаралық стандарттарға негізделген жаңа білім беру бағдарламаларын және шетелдік, қазақстандық мұнай-газ компанияларының стандарттарын қолдануға болады. Колледж студенттері ағылшын тілінде оқытылады. Маңыздысы – оқудың сипаты. Дуалды оқытудың арқасында колледж студенттеріне практикалық дағдылар беріледі, содан кейін олар нақты өндірісте жұмыс істей алады. Бұл үшін APEC Petrotechnic компаниясы Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік және отандық компаниялар пайдаланатын заманауи жабдықпен жабдықталған. Мысалы, колледждің шеберханаларында өндіріс процесі мұнай-газ саласының нақты дамуына сәйкес жүргізіледі. Бітірушілердің жұмысқа орналасуының орташа пайызы 90% -ға жетті.

Мұнайшы мамандығын қалай меңгеруге болады?

Сонымен қатар Ермек Бақытұлы айтқан колледждің шеберханалары мен зертханалары үлкен және жарқын өндірістік шеберханаларға ұқсас. Олар ешқашан бос болмайды. Жергілікті студенттермен қатар болашақ электриктер, дәнекерлеушілер, ағаш ұстасы, сонымен қатар құбыр орнатқыштары мен орнатушылары тегін төрт айлық курстарға қатысады. Оқу орталығы AРEС Petrotechnic қабырғасында «Consolidated Contracting Engineering & Procuerement (CCEP) – Atyrau – Kazakhstan» компаниясының қатысуымен жұмыс істейді.

Мұнайшы мамандығын қалай меңгеруге болады?

Бұдан бөлек, өткен жылдың қыркүйегінде біздің газет AРEС Petrotechnic колледжі мен Мальта технологиялық колледжі халықаралық стандарттар бойынша оқытуды көздейтін ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғанын хабарлаған болатын. Келісім жоғары колледж түлектеріне әлемдегі ең ірі мұнай-газ компанияларында жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Содан кейін 30 магистрант екі топқа бөлінген оқуды бастады. Олар екі диплом алады: қазақстандық және мальтиялық.  Ал сабақты Мальта технологиялық колледжінің оқытушылары және халықаралық стандарттарға сәйкес сертификатталған APEC PetroTechnic колледжінің оқытушылары жүргізеді.

Мұнайшы мамандығын қалай меңгеруге болады?

Сол кезде 2018 жылдың қыркүйегінде APEC PetroTechnic және Geneva Business School (Швейцария) басшылығы келісім жасасты. Осы келісім аясында Жоғары колледж негізінде мұнай-газ компанияларының басшыларын дайындау мүмкіндігі пайда болады.

Мұнайшы мамандығын қалай меңгеруге болады?

Полигонда, «дөңгелек үстел» басында және мұражайда.  «Ембімұнайгаз» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерінің бірі – «Жайықмұнайгаз» МӨБ Атырау облысының Исатай ауданында орналасқан. Басқарманың 17 кен орны бар, Салтанат Балғымбаевтың есімі берілген кен орнына журналистер ат басын тіреді.  Автобуспен жолға кем дегенде екі сағат кетеді. Мұнда баспасөз өкілдері әр кезеңде өндірісті сапалы бақылауды қамтамасыз ететін технологиялық үдерістердің бірегей тізбегін ұсынды. Экскурсия барысында журналистер мұнайшыларға кез-келген сұрақ қоя алды.

Мұнайшы мамандығын қалай меңгеруге болады?

Оқу полигонында біздің МӨБ жұмыскерлері мен қазіргі таңда «Ембімұнайгаз» АҚ жұмыс істеп жатқан АРЕС PetroTechnic Жоғары колледжінің бірнеше түлегі қарсы алды. Әйгерім Талғатқызы колледжді 2017 жылы бітірген, жасы 22-де. Қазір Атырау мұнай және газ университетінің екінші курс студенті. Ол бұл салаға атасының жолын жалғастырамын деп келген екен. Оқу полигонын көрген журналистер ары қарай жұмысшылар жататын жатақханаға аттанды. Ол жердегі жасалған жағдаймен танысқан топ одан ары асханаға барып, ас мәзірімен  де танысты. Екінші күн таңертең «дөңгелек үстел» өтті. Оған мұнай саласының мамандары мен рекругингтік компания, ҚР БҒМ өкілдері қатысты. Талқыға салынған тақырып –кәсіптік техникалық білім беру жүйесіндегі жастарды жұмысқа орналастыру.

Мұнайшы мамандығын қалай меңгеруге болады?

Кездесуді ашып, ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Майраш Тайкенова және «Кәсіпқор Холдингінің» АҚ басқарма төрағасы Ермек Күзенбаев құттықтау сөз сөйледі. Атырау облысының әкімдігінің хабарлауынша, биылғы жылы мұнай-газ жобалары үшін жұмысшылардың ең жоғары сұранысы күтілуде. Компаниялардың қажеттілігі 60 мыңға жуық адамды құрайды, олардың 50 мыңы жұмысшы мамандықтары. Осы мәселе бойынша «Фиркрофт» ЖШС-нің операциялық директоры Сәкен Бескемпіров пен «Болашақ» компаниясының қызметкерлерін іріктеу бөлімінің бастығы Айгүл Сейдахметова өз пікірлерімен бөлісті. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар талқылауды қорытындылай келе, жиналысқа қатысушылардың барлық пікірлері мен ұсыныстары мүмкіндігінше тез қаралатынын айтты.

Мұнайшы мамандығын қалай меңгеруге болады?

Баспасөз турының соңы «Ембімұнайгаздың» бас кеңсесінде ЭКСПО-2017 көрмесінің алдында ашылған еліміздің алғашқы интерактивті мұражайына бару болды. Мұнда мұнай-газ саласының даму тарихы көрсетілген. Отандық мұнайдың бастауы болған Ембі туралы ақпаратты осы жерден ала алдық. Дәл осы жерде алғашқы жұмыс тобы құрылған. Ұлы Отан соғысы кезінде дәл осы Ембі мұнайшылары біраз тер төккен еді. Сондықтан кез келген адам бұл мұражайдан керегін ала алады.

Мұнайшы мамандығын қалай меңгеруге болады?

Жалпы пресс тур не үшін ұйымдастырылады? Оқырмандар мен қоғамның назарын бір тақырыпқа аударту үшін бір ғана баспасөз релизінің қажеті шамалы. Баспасөз туры жалпы оқырманның бір немесе басқа маңызды оқиғаға объективті көзқарасын қалыптастыратын ең тиімді ақпарат құралдарының бірі. Бұл жағдайда еліміздегі қосарлы білім беру жүйесіне көңіл бөлінді. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ ақпараттық іс-шараны ұйымдастырушылар өздерінің міндеттерін сәтті орындады деген  үміттенеміз.

Мұнайшы мамандығын қалай меңгеруге болады?

Адам ГУРЬЕВ, Атырау облысы. Фото автордікі

Дереккөз: «Білімді ел» газеті