сайт статистики

2017 жылдың маусым айында Компания ірі жобаны – Прорва кен алаңдары тобында ілеспе газды күкірттен тазарту қондырғысын іске қосты. Қондырғы жылына 150 млн текше метр қуаттылықпен жұмыс жасайды. Қондырғы Атырау облысының Жылыой аумағындағы Прорва кен алаңдары тобында ілеспе газды тазартуға арналған.

Қазіргі таңда Қондырғыдан алынған тауарлы газ Орта Азия – Орталық магистралды газ құбырына дейін жіберіліп, Прорва кен алаңдары тобында газды ауаға жағуды мейлінше азайтуда.

Кешенді газ өңдеу қондырғысында қолданылатын Merichem компаниясының LO-CAT күкіртті қалпына келтіру қондырғысы экологиялық таза және сыртқы және ішкі нарықтарда сату үшін күкіртсутекті зиянсыз элементтік коммерциялық күкіртке айналдырудың жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді.

Осындай ілеспе мұнай газын тазарту қондырғылары Компанияның Шығыс Мақат және С.Балғымбаев кен орындарында 2013-2014 жылдар аралығында жылына сәйкесінше 40 млн.м³ және 20 млн.м³ қуаттылықпен табысты жұмыс жасап, Исатай, Мақат және Қызылқоға аудандарының тұрғындарын жеңілдетілген бағамен тауарлық газбен қамтамасыз етуде.

Ілеспе газды дайындайтын мұндай қондырғылар 2012-2013 жылдардан бері Кмпанияның Шығыс Мақат және С.Балғымбаев кен алаңдарында жұмыс жасап, Атырау облысының үш ауданы тұрғындарын жеңілдетілген бағаға табиғи газбен қамтамасыз етіп келеді.

Бекітілген Бизнес-бастамалар шеңберінде операциялық тиімділікті және экономикалық табыстылықты арттыру мақсатында Компания қазіргі уақытта «Қайнармұнайгаз» МГӨБ Солтүстік Уаз және Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның Оңтүстік Батыс Қамысты, Гран кен орындарында ілеспе мұнай газынан электр энергиясын алу бойынша пилотты жобаларды іске асыруда. Бұл жобалар газ поршенді және газ турбиналы электр стансаларында электр энергиясын өндіру арқылы ілеспе мұнай газын одан әрі өз қажеттіліктеріне пайдалануды көздейді. Жобаны іске асыру қосымша мұнай өндіруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ, Компанияның әлеуметтік және өндірістік нысандарын тәуелсіз электрмен жабдықтау сенімділігін арттырады.

Кәсіпорын қол жеткізген нәтижелермен шектелмейді және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстанның ресурстық базасына газдың қосымша көлемін тарту» бағдарламасын орындау мақсатында Батыс Прорва кен орнына инфрақұрылымды тарту бойынша нұсқалар мен ұсыныстарды әзірлеуге кірісті.

Осы кен орнының 16 ұңғымасын іске қосқаннан кейін бұл компанияға қосымша 600 млн текше метр тауарлық газ дайындауға мүмкіндік береді.

Бекітілген Биснес-бастамалар аясында операциялық тиімділікті және экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында Компания қазіргі уақытта «Қайнармұнайгаз» МГӨБ Солтүстік Уаз, және «Жайықмұнайгаз» МГӨБ Оңтүстік Батыс Қамысты кен орындарында ілеспе мұнай газынан электр энергиясын өндіру бойынша пилоттық жобаларды жүзеге асыруда.

Жобалар газ поршенді және газ турбиналы электр стансаларында электр энергиясын өндіру арқылы ілеспе мұнай газын кәдеге жаратуды, кейіннен ішкі қажеттіліктерге пайдалануды көздейді.

Жобаны іске асыру қосымша мұнай өндіруді қамтамасыз етеді және Компанияның әлеуметтік және өндірістік нысандарын тәуелсіз электрмен жабдықтау сенімділігін арттырады.

2025 жылдан бастап газды коммерцияландыру шеңберінде Оңтүстік Шығыс Новобогат кен орнында тауарлық газды, пентан-гексан фракциясын (тұрақты газ конденсаты), сондай-ақ, техникалық пропан-бутан қоспасын (ТПБҚ) өндіретін кешенді ілеспе мұнай газын тазарту қондырғысын салу жобасы іске асырылуда.

Жоба жеке инвестордың көмегімен жүзеге асырылуда.

Бұл шешім тауарлық газды «Интергаз – Орталық Азия» АҚ Мақат-Солтүстік Кавказ газ құбыры жүйесіне Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі белгілеген жеңілдетілген баға бойынша сатуға мүмкіндік береді.

2025 жылы Компания қуаттылығы жылына 100 миллион текше метрге дейін жететін Батыс Прорва кен орнындағы газ қабаттарын жеделдетілген өндірістік игеру бойынша алғашқы кешенін іске қосу жобасын жүзеге асыруды бастады. Жоба инвестиция тарту  көмегімен іске асырылуда.

Өндірілетін табиғи газды тауарлық кондицияға келтіріп, кейіннен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен баға бойынша «Интергаз – Орталық Азия» АҚ-ның Орта Азия – Орталық магистральдық газ құбыры жүйесіне өткізу көзделуде.

2025 жылы жылына 70 млн м³ дейін ілеспе мұнай газын кәдеге жарату үшін С.Нұржанов кен орнындағы «Шығыс аймақты» жайғастыруды жүзеге асыру жобасы басталды.

Жоба күкіртсіз газды алғашқы іске қосу кешенінде кептіру мақсатында оны кейіннен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен баға бойынша «Интергаз – Орталық Азия» АҚ-ның Орта Азия – Орталық магистральдық газ құбыры жүйесіне өткізу үшін оның технологиялық параметрлерін қамтамасыз ету үшін күшейткіш компрессорлық стансаларды орнатуды көздейді.

Қол жеткізген жетістіктермен тоқтамай Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қазақстанның ресурстық базасына қосымша газ көлемін қосу бағдарламасын орындау мақсатында Компания қуаттылығы жылына 860 млн текше метрге дейін жететін Батыс Прорва кен орнындағы газ кен орындарын толығымен іске қосу жобасын жүзеге асыруға кірісті.

Аталған кезеңде «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-нің АФ жобалау институты техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірледі.