Геологиялық барлау
«Ембімұнайгаз» АҚ (әрі қарай – Компания) балансында 01.01.2026 ж. мәлімет бойынша 41 кен орны бар, оның 32-і игерілуде, 5-і консервацияда, 4 кен алаңы мұнай қорының толық игерілуіне байланысты мемлекетке қайтаруға дайындалуда, 1 кен алаңы бойынша келісімшарттық аумақты қайтару жүзеге асырылды.
Компанияның бірінші кезектегі міндеті – ресурстық базаны толықтыру.
«Ембімұнайгаз» АҚ геологиялық қызметі өңірлік зерттеу шеңберінде талдау жұмыстарын жүргізуде. Жиналған материалдар мен лабораториялық зерттеулердің нәтижелері Каспий маңы ойпатының оңтүстік және шығыс бортындағы тұзүсті кешенін қосымша зерделеу қажеттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Каспий ойпаты маңының орталық бөлігі шағын кен орындарын ашуға жоғары перспективалы аймақ ретінде сипатталады. Әрі қарай геологиялық барлау және бұрғылау жұмыстарын жүргізуге ұсынылған бірқатар перспективалы тұзасты объектілері анықталды.
Соңғы жылдары жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша қолданыстағы кен орындарын қосымша барлау кезінде де, жаңа алаңдарда барлау жұмыстарын жүргізу кезінде де жоғары көрсеткіштер коэффициенті байқалады.