сайт статистики

HR қызметінің функционалды стратегиясы

«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) кадр саясаты Компанияның стратегиялық бағыттарын жүзеге асыру үшін қызметкерлерді басқару механизмдері, бағыттары мен қағидаларын анықтайтын қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу саласындағы функционалды стратегиясына сәйкес жүзеге асады.  Стратегияның басты мақсаты қызметкерлерді басқару және EМГ үшін стратегиялық ресурс ретінде қызметкерлерді дамыту тиімділігін арттыру арқылы Қоғамның болжамына қол жеткізу бболып табылады.

Стратегия жеті бағытты қамтиды:

  • Қызметкерлерді іріктеу
  • Жастармен жұмыс
  • Қызметкерлерді дамыту және оқыту
  • Кадр резерві және мансаптық өсу
  • Еңбекке ақы төлеу және нормалау
  • Қызметкерлер саны мен шығынын басқару
  • Кадрларды басқару және жұмыс уақытын бақылау

Мерзімінен бұрын зейнеткерлікке шығу

Компанияда Мерзімінен бұрын зейнеткерлікке шығу бағдарламасы жүзеге асып келеді. Бағдарламада бекітілген жасқа келген Компания қызметкерлері өз еріктерімен зейнеткерлік жастан 3 жыл бұрын (ауыр еңбек жағдайында қызмет ететін жұмысшылар 5 жыл бұрын) еңбек келісімшартын бұзып, зейнет жасына жеткенге дейін ай сайынғы жәрдемақы ала алады. Мерзімінен бұрын зейнеткерлікке шыққан кезде жұмысшы өз отбасына, денсаулығына көбірек көңіл бөлуге және қалаған уақытта басқа жұмысқа орналасып, қосымша табыс табуға  мүмкіндік алады.

Қазақстандық мамандарды даярлау

Компания әлеуметтік жобаларға, соның ішінде, отандық мұнай-газ саласына қазақстандық мамандарды даярлауға қаражат бөліп келеді. 2015 жылдан бастап Компанияда дуалды оқыту және шәкіртақы бағдарламалары жүзеге асуда. Дуалды оқыту бағдарламасы аясында 9 жыл ішінде барлығы 306 студент оқумен қатар, ЕМГ өндірістік бөлімшелерінде тәжірибеден өтті. Олар оқу орындарын тәмамдаған соң дипломмен қоса, қолдарына еңбек кітапшаларын алды. Тестілеу сынақтарының қорытындысымен жоғары балл жинаған 82 студент Компанияға жұмысқа орналасты. 

2024 жылы дуалдық жүйе бойынша 78 студент дайындықтан өтуде.

Қызметкерлерді ынталандыру шаралары

Қызметкерлерді ынталандыру мақсатында Компанияда жыл сайын бірқатар шаралар ұйымдастырылып келеді: өндірістік бөлімшелер жұмысшылары арасындағы «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауы, жас мамандардың потенциалын арттыру және ұжымдық құндылықтарды жасақтау мақсатында ұйымдастырылатын «Жас мамандар күні» жобасы, кадр қызметтерінің жылдық есебінің қорытындысы бойынша Басқарма төрағасының қатысымен өтетін «HR-форум», сонымен қатар, өндірістегі қызметкерлер – орта буын жетекшілері (цех басшылары мен шеберлер) үшін коммуникативтік дағдыларды дамыту мақсатындағы модульді оқытулар.

Студенттер оқуының төлеміне қатысты 

Өткен жыл қорытындысы бойынша көмірсутектерін және (немесе) уран өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы жұмсаған өндіру шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру Ережесінің талаптарына сәйкес (бұдан әрі - ҚР ЭМ Ережесі) (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 185 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 211 бірлескен бұйрығымен бекітілген) жер қойнауын пайдаланушы келісімді міндеттемелерінен түскен қаржысының кемінде 30 % әлеуметтік – осал категорияға жататын студенттердің оқуына ақы төлеуге жұмсайтынын қаперге береміз:

- толық емес отбасы;

- көп балалы отбасы;

- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар;

- мүгедектігі бар тұлғалар;

- ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек тұлғалар;

- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 «Кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізімін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген тізімде көрсетілген, кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын тұлғалар.

Оқу ақысын төлеу үшін іріктеуге барлық ҚР азаматтары жіберілетіндіктен және 2026 жылға қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруға қаражат шектеулі болатындықтан, Комиссияның қарауына жоғарыда көрсетілген әлеуметтік осал категорияларға жататын және Директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген (03.10.2025 жылғы № 32 хаттама),  «Ембімұнайгаз» АҚ-ның  қаражаты есебінен оқытуды қаржыландыру үшін үміткерлерді іріктеу қағидасы бойынша үлгерім критерийлеріне сәйкес келетін ҚР-ның азаматтары - студенттердің құжаттары ғана шығарылатын болады.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын студенттер арасынан оқытуды қаржыландыру үшін кандидаттарды іріктеу кезінде келесі студенттерге артықшылық беріледі:

1) үлгерім бойынша орташа балл, бұл ретте жоғары:

- оқудың соңғы жылындағы үлгерімнің орташа балы (оның ішінде орта білім туралы аттестат) үлгерімді бағалаудың бес балдық шкаласы бойынша немесе үлгерімді бағалаудың басқа шкалаларында баламалы бағалау бойынша кемінде 3 балл болуы тиіс;

- емтихандар/сынақтар бойынша академиялық берешектердің және оқудың соңғы жылындағы үлгерімі бойынша қанағаттанарлықсыз балдардың (2-баламалы бағамен) болмауы.

2) Атырау облысында тұрғылықты жері бойынша/уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелген.

Сонымен бірге, оқыту ақысы Қоғам, білім беру ұйымы және студент арасында (тапсырма шартымен рәсімделетін шетелдік ЖОО-нан басқа) үш жақты шарт жасау арқылы тікелей білім беру ұйымына аударылатынын хабарлаймыз.

Оқуды қаржыландыру үшін кандидаттарға үміткер екінші және одан кейінгі оқу жылдарының студенттері барлық қажетті құжаттарды ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей ұсынуы тиіс.

Оқуды қаржыландыру үшін үміткер болуға үміткер бірінші курс студенттері барлық қажетті құжаттарды ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей ұсынуы тиіс.

Құжаттарды Атырау қаласы, Уәлиханова көшесі 1, «Ембімұнайгаз» АҚ кеңсесі мекенжайы бойынша жүзеге асырылады. Жауапты тұлға Айнұр Бақтығали (Қызметкерлерді басқару және еңбекақы төлеу департаменті). 

Өтініш - ЖҮКТЕУ

Құжаттар тізбесі - ЖҮКТЕУ