сайт статистики

Қырымбек Елеуұлы Көшербаев

«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры

Қазақ политехникалық институтын (1978), СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясы (1991) бітірген.

Инженер-құрылысшы, саясаттанушы. Саяси ғылымдар докторы, философия ғылымдарының кандидаты. І санатты Төтенше және Өкілетті елші (2003).

Еңбек жолын «Главрисхозстрой» мекемесінде инженер, өндірісті дайындау тобының бастығы болып бастады (1978-1979);

Кейін Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылыс штабы Қызылорда облысы күріш инженерлік жүйесінің бастығы (1979-1981),

Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің комсомолдық екпінді құрылыс ұйымдары секторының меңгерушісі (1981-1982),

Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің жауапты ұйымдастырушысы (1982-1983),

Қазақстан ЛКЖО Қызылорда қалалық комитетінің бірінші хатшысы (1983-1986),

Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің комсомолдық ұйымдар бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1986-1987),

Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1987-1988), 

Мәскеу қаласында КОКП Орталық комитеті жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясының аспиранты (1988-1991),

Қазақ КСР Президенті Аппаратының мәдениет және ұлтаралық қатынастар Референтурасының референті (1991),

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі (1991-1994),

Алматы қаласы Калинин аудандық әкімшілігінің басшысы (1994-1995),

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппараты жетекшісінің орынбасары, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (1995),

Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты жетекшісінің орынбасары аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі (1995-1996),  

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Баспасөз қызметінің жетекшісі (1996-1997),

Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі (1997-1999), Республикасы Денсаулық сақтау, білім беру және спорт министрі (1999),

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі (1999-2000),

Батыс Қазақстан облысының әкімі (2000-2003),

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2003-2006),

Қазақстан Республикасы  Маңғыстау облысының әкімі (2006-2011),

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (2012), Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің орынбасары (2012-2013), Қызылорда облысының әкімі (2013-2019);

Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысы (2019),  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы  (2019-2022).

Марапаттары: «І дәрежелі Барыс» (2021), «Парасат» (2003), «ІІ дәрежелі Барыс» (2009), «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев (2015), Достық (РФ, 2006) ордендері.

Қырымбек Елеуұлы Көшербаев