Руслан Бектемірұлы Бектемір
Қаржы және мұнай-газ ісі саласында жоғары білімі бар, сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі дәрежесіне ие. «Жоғары санатты мемлекеттік аудитор» біліктілігі бар.
Еңбек жолын 1998 жылы салық органдарында бастаған. Ішкі істер органдарында және экономикалық тексеру органдарында қызмет атқарған. Әр жылдары Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының мемлекеттік құрылымдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеп, Атырау облысының тексеру комиссиясының төрағасы болған.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ішкі аудит департаментінің директоры, «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС бас директорының орынбасары, «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС қызметінің басшысы қызметтерін, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары лауазымын атққарды.
Тағайындалғанға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметінің басшысы қызметін атқарды.
Мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған.