сайт статистики

Ернұр Тасеменұлы Тасеменов

«Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының геология және игеру жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі

Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай және газ геологиясы» мамандығы бойынша бітірген (2006).

Еңбек жолын 2005 жылы «Жайықмұнайгаз» МГӨБ С.Балғымбаев МГӨЦ, Қамысты МГӨЦ ұңғымаларды зерттеу операторы болып бастаған.

  • 2006 жылдан 2007 жылға дейін  «Жайықмұнайгаз» МГӨБ С.Балғымбаев МГӨЦ, Қамысты МГӨЦ, Забурын МГӨЦ уақытша геолог.
  • 2007-2009 жж. – «Матин» БК ЖШС инженер-геологы.
  • 2009-2014 жж. – «Прикаспиан Петролеум Компани» ЖШС жетекші геологы.
  • 2014-2015 жж. – Атырау қ. «ҚМГ БӨ Барлау активтері» ЖШС аға инженер-геологы және Астана қ. «ҚазМұнайГаз «БӨ» АҚ мұнай іздеу және кәсіпшілік геология департаментінің инженері.
  • 2015-2022 жж. – «Ембімұнайгаз» АҚ жер қойнауын пайдаланудың жаңа жобалары департаментінің 1 санатты геологы, геология бөлімінің аға геологы, геология бөлімінің бастығы, геологиялық барлау жұмыстары қызметінің басшысы қызметтерін атқарды. 
  • 12.09.2022 ж. «Ембімұнайгаз» АҚ геология және барлау департаментінің директоры лауазымында еңбек етті.

2025 жылдың 16 мамырынан «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) бұйрығына және директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес, «Ембімұнайгаз» АҚ-ы Басқармасының мүшесі болып сайланды және бас директордың геология және игеру жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды. 

Ернұр Тасеменұлы Тасеменов