2025 жылдың қорытындылары: үздік қызметкерлер есімі жарияланды
«Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі – Компания немесе ЕМГ) 2025 жылдың қорытындысын жариялаған және үздік қызметкерлерді марапаттауға арналған салтанатты шара өтті.
Басшылықты, компанияның барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелері мен серіктестерінің өкілдерін жинаған іс-шара жоғары кәсіпқойлықты, көп жылдық адал еңбекті және қызметкерлердің ортақ іске қосқан елеулі жеке үлесін жариялаудың жарқын айғағы болды.
«Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Ринат Ізмұханбет өзінің құттықтау сөзінде өткен жыл елеулі жетістіктер мен сенімді өсу кезеңі болғанын атап өтті.
«Өндіріс, қаржылық көрсеткішімізді жоспардан артық орындап, 2025 жылды жақсы аяқтап келеміз. Аталған нәтижеге осы залда отырған мамандарымыз көп үлес қосты. Бұл – ұжымымыздың ынтымақ, бірлігі арқасында жетіп келе жатқан жетістіктер», – деп атап өтті Ринат Ізмұханбет.
Биыл жеңімпаздар сегіз номинация бойынша анықталып, 14 адам лайықты марапаттарға ие болды. Олардың ішінде-мұнай-газ саласының негізгі мамандықтарының өкілдері: операторлар, энергетиктер, инженер-химик және басқалар бар. Жыл үздіктеріне дипломдар, арнайы статуэткалар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Сонымен қатар, салтанатты шара аясында үздік жатақханалар байқауының нәтижелері жарияланды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бірінші орын Б.Жоламанов атындағы кен орнының жатақханасына («Қайнармұнайгаз» МГӨБ) берілді. Екінші орынды Қисымбай кен орнының жатақханасы («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ), үшінші орынды Жаңаталап кен орнының жатақханасы («Жайықмұнайгаз» МГӨБ) иеленді.
БАҚ-пен байланыс үшін:
Ғалия ҚАРАЖАНОВА: G.Karajanova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-21
Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmg.kz, +7 (7122) 99-34-66
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ 2012-2024 жылдар аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 780 млрд. 977 млн. теңге, өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға – 7 млрд 212 млн теңге қаражат аударды.