сайт статистики

Ембілік мұнайшылар мектеп оқушыларына оқу құралдарын тарту етті

«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының 30 жылдығына мен Қосшағыл кен алаңының 90 жылдығына, Мақат кенішінің 110 жылдығына орай қайырымдылық шараларын ұйымдастырды. Аталмыш мерейтойлардың аясына 600-ге тарта көп балалы және әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың  балаларына арнап оқу құралдарын тарту етті.

«Ембімұнайгаз» АҚ әлеуметтік жобаларды тұрақты ұйымдастырып келеді. Биылғы қайырымдылық шараларын  Мақат, Исатай, Жылыой мен Қызылқоға аудандарының аумағында және Атырау қаласында  өткізіп, оны бірнеше кен алаңдарының мерейтойларымен орайластырды», - дейді Әлеуметтік саясат және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің бөлім бастығы Эдуард Хисметуллин.  

Айта кету керек, ЕМГ өз қызметінде мұнайлы өңірдің жұртшылығына әрдайым қолдау көрсетуге басымдық беріп келеді.  Білім ордаларының тәрбиеленушілерін оқу жылына дайындау мақсатында  «Мектепке жол» акциясын  ұйымдастыруды жергілікті әкімшілікпен бірлесе отырып дәстүрлі шараға айналдырған. 

Биылғы қайырымдылық акциясында  Атырау қаласындағы сөйлеу қабілеті бұзылған №3 облыстық арнайы мектеп-интернаттың 90-ға тарта оқушысына, облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының 30-ға тарта тәрбиеленушісіне, сонымен қатар  Компанияның мұнай-газ өндіру басқармалары орналасқан аудандардың әр қайсысына 100-ден астам балаға оқу құралдары салынған рюкзакты тарту етті.    

БАҚ-пен байланыс үшін:

Ғалия ҚАРАЖАНОВА: G.Karajanova@emg.kmg.kz +7 (7122) 99-34-21
Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmg.kz, +7 (7122) 99-34-66 

Анықтама:«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады.  «Ембімұнайгаз» АҚ 2012-2024 жылдар аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 780 млрд. 977 млн. теңге, өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға – 7 млрд 212 млн теңге қаражат аударды.