«ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері оқу-өндірістік полигонының жұмысымен танысты
«ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ (бұдан былай КМГ) Директорлар кеңесінің мүшелері Ұзақбай Қарабалин мен Арманбай Жұбаев Атырау облысындағы жұмыс сапарларында С.Өтебаев атындағы мұнай-газ университетіндегі оқу-өндірістік полигонында болды. «Ембімұнайгаз» АҚ-ның (бұдан былай ЕМГ) қаржылық қолдауымен салынған полигондағы болашақ мұнайшыларды дайындау шараларымен танысты.
Танысу барысында полигон базасындағы техника қауіпсіздігі кабинетінің, медицина кабинеті мен химиялық талдау зертханасының жұмыстары жан-жақты баяндалып, мұнай өндіру, ұңғымаларды жөндеу, электрмен дәнекерлеу және механикалық өңдеу бағыттарындағы оқу алаңдарының жұмыстары көрсетілді.
«Еліміздің мұнай-газ секторының алдында тұрған басым бағыттың бірі- өндірісті білікті мамандармен қамтамасыз ету. Осы мақсаттың аясында салынған полигонда болашақ мұнайшылардың университет қабырғасында алған терориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруларына жақсы мүмкіндіктер жасалған. Мұндағы әрбір құрал-сайман өндірістік жағдайға барынша ұсқастырылған, сапалы дайындалған»,- деп атап өтті өз сөзінде KAZENERGY Ассоциациясы төрағасының орынбасары, ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшесі Ұзақбай Қарабалин.
Айта кету керек, оқу-өндірістік полигонының іске қосылуы – еліміздегі жоғары оқу орындары арасында алғаш қолға алынған бастама.
Танысу сапары КМГ мен ЕМГ және университет басшылықтарының 4 га жер көлемін алып жатқан полигон аумағында жасыл-желек отырғызуларымен қорытындыланды.
БАҚ-пен байланыс үшін:
Ғалия ҚАРАЖАНОВА: G.Karajanova@emg.kmg.kz, +7 (7122) 99-34-21
Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmg.kz, +7 (7122) 99-34-66
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ 2012-2024 жылдар аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 780 млрд. 977 млн. теңге, өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға – 7 млрд 212 млн теңге қаражат аударды.