сайт статистики

Батыс Порва кен орнындағы газ шығуы тоқтатылды

2025 жылғы 8 наурыз сағат 16:40-та «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Батыс Прорва кен орнындағы N437 ұңғымада газ шығуы толықтай тоқтатылды.

Ұңғыма тығындалды, «Ақ Берен» ЖШС әскери авариялық-құтқару қызметінің көмегімен ұңғыманың сағасына әмбебап гидравликалық превентор қойылды.     

2025 жылдың 6 наурызында Батыс Прорва кен орнындағы консервацияда тұрған N437 ұңғымада перфорациядан кейін, сорапты-компрессорлық құбырды (СКҚ) түсіру кезінде газ шығуы орын алды.

Осыған қатысты «Ембімұнайгаз» АҚ жедел штабы құрылып, «Ақ Берен» ЖШС ӘАҚҚ, «Семсер - Өрт сөндіруші» ЖШС, «СОП Атырау» ЖШС мобильді күзет құрылымдары тартылды.

Оқиға орнында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылдановтың басшылығымен мамандар тобы жұмыс жасады.

БАҚ-пен байланыс үшін:

Ғалия ҚАРАЖАНОВА: G.Karajanova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-21
Индира САТЫЛҒАНОВА: 
І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады.  «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2023 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 608 млрд. 835 млн. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 6 млрд 437 млн теңгеге жуық қаражат аударды.