сайт статистики

Атқарылған жұмыс көп, ауқымды істер алда тұр

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып МАРАБАЕВ «Ембімұнайгаз» АҚ-да болып, Компанияның басшылық құрамымен кездесті.

Айта кетейік, Жақып Нәсіпқалиұлы 2019 жылдың 11 ақпанынан бастап жаңа лауазымға тағайындалған болатын. Осыған орай, оның Ембіге сапары барысындағы кездесу Компанияның қызметі мен өткен жылғы көрсеткіштерімен танысуға негізделді.

Кездесу барысында «Ембімұнайгаз» АҚ  Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ  2018 жылдың өндірістік қорытындылары туралы есеп беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті.

- Өткен жылдың басында акционер ембілік кен алаңдарындағы өндіру жоспарын бекітіп, жыл ішінде 2 млн. 895 мың тонна мұнай өндіруді міндеттеді. Бұл өткен кезеңдердегі жылдық көрсеткіш деңгейінен 55 мың тоннаға артық. Бұл – біз үшін үлкен сынақ болды. Өйткені, Ембі кен алаңдарының басым бөлігі ұзақ жылдар бойы игеріліп, пайдаланудың соңғы сатысында тұрғаны белгілі. Соған қарамастан, Ембінің ұйымшыл ұжымы алға қойылған міндетті орындай білді. Өткен жылдың 12 айының қорытындысы бойынша 2 млн. 895 мың 332 тонна мұнай өндірілді.

Мұнай өндіру көрсеткіштерінің  тұрақты сақталуында   ұңғымалардың өнімділігін және қабаттардың мұнай беруін арттыруға бағытталған ұйымдастыру-техникалық, геологиялық-техникалық жұмыстардың қалыпты орындалуының орны зор, - деп атап өтті Басқарма төрағасы.

Жиын барысында Жақып Марабаев техника қауіпсіздігі саласына баса мән беріп, сала бойынша атқарылып жатқан мәселелерге кеңірек тоқталды.

- Біздің басты құндылығымыз – жұмысшылар. Сондықтан, олардың қауіпсіздігі, еңбек жағдайы алдыңғы кезекте тұруы керек. Әр маман – өз ісінің кәсіби шебері болуы маңызды.  Сондықтан, олардың саулығына, жұмысына кері әсер ететін бірде-бір жағдай орын алмауы керек. Мұны басшылық та жіті қадағалауы тиіс, - деп атап өтті Бас компания басшысының өндіріс жөніндегі орынбасары Ж.Марабаев. 

Өткен жылы өлім мен апаттық жағдайлар бойынша Компания барлық қызметкерінің біріккен және жүйелі еңбегінің арқасында нөлдік көрсеткішке қол жеткізді. Дегенмен, жұмыс орындарында жай және ауыр жарақат алудың төрт оқиғасы орын алған.

- Барлық жағдайларға байланысты саралау жұмыстары жүргізілді, тиісті шаралар қабылданды. Кен орындарының қауіпсіздік техникасы класстарында жұмысшыларға қосымша оқу ұйымдастырылып, өндірістегі қауіпсіздік бойынша бейнероликтер көрсетілуде, қауіпсіздік бойынша 14 корпоративті-нормативтік құжаттар жасақталып, бекітілді, - деді ЕМГ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Ильяс САРЫБЕКОВ.  

Кездесу барысында, сонымен қатар,  Компанияда соңғы жылдарда қолға алынып жатқан жаңа технологиялардың  өнім көрсеткішіне айтарлықтай әсер етіп отырғаны айтылды.

- Бүгінгі таңда біздің мақсатымыз – Ембі өңірін заманауи әдістермен, озық технологиямен толықтай қамту. «Ембімұнайгаз» АҚ-ның отандық мұнай өнеркәсібіндегі көшбасшылық ұстанымдары және жоспарланған жоспарларға қол жеткізу бағытындағы міндеттеме компанияның өндірістік үдерістерді одан әрі цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстарымен дәлелденуде. 2016 жылы Уаз кен алаңына пилоттық режимде енгізілген «Сандық кен алаңы» жобасы өз тиімділігін көрсетті. 2017 жылы аталған жоба Прорва кен алаңдары тобына, ал, 2018 жылы Жаңаталап кен алаңына таратылды. Жалпы, 2024 жылға дейін компания бойынша 10 кен алаңын сандық жүйеге көшіру жоспарланып отыр, - деді ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар Еркінұлы.

Бұдан әрі Компания басшысы геологиялық барлау жұмыстарының, әрбір өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің өндірістік, күрделі құрылыс, технологиялық үдерістерді автоматтандыру, жаңа жобалар мен технологияларды енгізу, тағы басқа көрсеткіштеріне тоқталып, ЕМГ өндірістік блогы мен әр басқарманың біріккен жұмысын ерекше атап өтті.

- Бүгінгі таңда Компания өндірістік шығындарды оңтайландыруды басты назарда ұстап отыр. Бұл орайда, өндіріс алаңдарында жүрген барлық транспорттың жұмыстарына бақылау орнатылуда.  Ұңғымаларды жерасты жөндеу бригадаларына телебақылау жүйесі енгізілді. Аталған жүйе түсіру-көтеру операцияларын жедел бақылауға және ұңғымаларда жүргізілген жұмыстарға, сондай-ақ, жұмыссыз бос тұру уақыттарына талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Бас компания басшысының орынбасары Жақып Нәсіпқалиұлына қазіргі таңда Ембіде жүргізіліп жатқан барлау бұрғылау жұмыстары, Компанияның геологиялық барлау бағытындағы жоспарлары туралы айтылды. Бұған қоса, Компания бойынша әр қызмет бағытының жұмыс қорытындылары қаралып, анықталған проблемалардың шешілу жолдары сараланды. ҚМГ ҰК Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Марабаев мұнай мен газ өндірудің жоспарлы көрсеткіштеріне жетуге, өндірістік қызметтің ұйымдастырылуы мен үйлестірілуінің тиімділігін арттыруға қатысты жетекшілік ететін басшыларға нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, Ембіге сапары барысында ҚМГ ҰК Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Марабаев бас кеңседегі Өндірістік процесті бақылау орталығында өндіріс барысымен, Компанияның «Интеллектуалды кен алаңы» тұжырымдамасымен танысты. Айта кетсек, Тұжырымдаманың енгізілуіне орай, электр энергиясын пайдалану 30%-ға азайып, ұңғымаларды жөндеуаралық мерзімі айтарлықтай қысқарып, олардың тәуліктік өнім өндіру көрсеткішіне есеп жүргізуге мүмкіндік туды.

Өндірісті автоматтандыру және ақпарат технологиясы департаментінің директоры Болат НСАНБАЕВ  аталған орталықтың онлайн-режим жүйесі арқылы өндірісті қашықтықтан басқару мүмкіндігі бар екенін, барлық ақпарат жедел түсіп тұратынын,  соның негізінде шешімдер қабылданатынын жеткізді. Нақтырақ айтсақ, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-нің технологиялық үдерістерін басқару автоматтандырылған жүйесі, ЕМГ-нің барлық кен орындарындағы әр ұңғыманың мәліметтері, жөндеу бригадалары мен көлік мониторингін бақылау жүйесі туралы мол мағлұматтар берілді.

- Өндірісті автоматтандыру, сол арқылы жұмысшыларға қауіпсіз жағдай туғызу, олардың жұмысын жеңілдету бағытында ауқымды жұмыстар жасалған. Атап өтетін басты жайт, бұл жоба – компанияның IT саласы мамандары мен өндіріс, қаржы салалары қызметкерлерінің бірлескен жұмысының жемісі, - деп, ҚМГ ҰК Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып