сайт статистики

Келешегі кемел компания

ЖШС "Айқын"

Жуырда «Ембімұнайгаз» компаниясының ұйымдастыруымен Атырауда республикалық, облыстық және аудандық БАҚ өкілдерінің баспасөз туры өтті. Шара аясында журналистер интерактивті музейімен, өндірістік процесті жедел басқару орталығының жұмысымен және мұнай өндірудегі жаңа технологиялармен танысты. Іс-шараға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де қатысты. Баспасөз турының бағдарламасы екі кезеңнен тұрды. Алдымен, баспасөз ту­рына қатысушыларға компанияның ин­терактивті музейі мен өндірістік процесті же­дел басқару орталығы таныстырылды. – Ембілік кен орындардың игерілу та­рихына 100 жылдан астам уақыт өтті. Ке­лер жылы алғашқы Қарашүңгіл кен алаңы игерілуінің 120 жылдығын той­лай­мыз. Сонымен қатар сіздер өндірісте қол­данылып жатқан жаңа техно­ло­гия­ларды, еңбекті және қоршаған ортаны қор­ғау бағытында жүзеге асып жатқан жаңа жобаларды, шығындарды оңтай­лан­дыра отырып, ембілік мұнайшылар­дың әлеуметтік пакетінің сол күйінде сақ­талғанын көріп, мұндағы жұмыстың ба­рысымен таныс бола аласыз, – деп атап өтті Басқарма төрағасы Әнуар Жақ­сы­беков баспасөз турына қатысу­шы­лар­мен кездесу барысында. Компанияның басшылық құрамымен кездесуде БАҚ қызметкерлері мен ҮЕҰ өкіл­деріне ЕМГ-нің өндірістік қызметі тура­лы айтылып, еңбек пен қоршаған ор­таны қорғау, әлеуметтік міндет­теме­лер­ді жүзеге асыру бағытындағы тың бас­тамалар кеңінен түсіндірілді. Ары қарай іс-шара барлық кеніштерді он­лайн режимде басқарып отыратын кор­поративтік геоақпараттық орталықта жал­ғасын тапты. Ембілік мұнайшылар ата кәсіптің көне құралдарымен қош­та­сып, жаңа технологияларды іске қос­қа­нын көріп, компания өндірісі жан-жақ­ты да­мыту үстінде екеніне көз жеткіздік. Жұ­мысшылар өндірісті өркендетіп, әлеу­меттік саясатын дәйекті жүргізіп, өңір­дің дамуына септігін тигізіп отырғанын да ай­та кеткен жөн. Шараның екінші бөлігінде баспасөз турына қатысушылар Атырау облысының Исатай ауданында орналасқан «Жайық­мұ­найгаз» мұнай-газ өндіру басқарма­сы­ның Забурын кен алаңына барды. Атал­ған учаскеде 2014 жылдан бері мұнай тұт­­­қырлығы мәселесін шешу және мұ­най­ды алу коэффициентін арттыру мақ­сатында полимерлі суландыру жобасы жү­зеге асуда. Бұдан әрі баспасөз турына қа­тысушылар Батыс Новобогат кен алаңын­да болды. Мұнда қазіргі таңда бар­лау бұрғылау жұмыстары жүруде. Бұл жер­де баспасөз турына қатысушыларға ком­панияның геологиялық барлау бағы­тын­дағы жоспарлары туралы айтылды. БАҚ қызметкерлері және ҮЕҰ өкіл­де­рі­нің Ембіге сапары мерекелік дастарқанда жалғасын тапты. Бүгінгі таңда аталған мекеме өркендеу жо­лын жалғастырып, білікті, кәсіби, тә­жі­рибелі мамандармен толығуда. Респуб­лика, қала берді облыс экономикасының қарқын алуына, тұрақтануына қол ұшын бер­ген отандық кәсіпорын ғасырға жуық уақыт бойы халқымызбен бірге жасап келеді. «Ембімұнайгаз» АҚ – геологиялық бар­лау жұмыстарын белсене жүргізіп, кен алаң­дарын игеруде өндіріске жаңа техно­л­о­гияларды батыл енгізе білген, мұнай мен газды өндіріп, дайындайтын зама­науи мұнай компанияларының біріне ай­налды. Бұл компанияның тарихы со­нау 1922 жылы Доссор және Мақат кен орын­­дарын игеру мақсатында «Ем­бімұ­най» тресі құрылған кезеңнен бастау ала­ды. Компания қызметінің негізгі бағыт­тары – геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыс­тың 4 ауданындағы алты өндірістік-құры­лымдық бөлімше кіреді. Олар – «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құры­лымдық мекеме: «Ембімұнайэ­нер­го», «ӨТКжЖК» басқармалары. Компания өндірілген мұнайды ішкі на­рыққа жіберумен қатар, экспортқа да шы­ғарады. Ішкі нарыққа мұнай еліміздің мұ­най өңдеу зауыттары арқылы жеткі­зі­ле­ді. Ал экспортқа мұнай екі негізгі мар­шрут: Каспий Құбыр консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шы­ға­ры­лады. Тауарлық газ жобасы Қазақстанның газ және газбен қамту саласындағы ұлт­тық оператор – «ҚазТрансГаз» АҚ ар­қы­лы жүзеге асады. Cоңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық түрінде – 696 млрд теңге шама­сын­да, өңірлік инфрақұрылымды дамы­туға – 2,8 млрд теңге, демеушілік пен қайы­рымдылық ретінде 2,3 млрд теңге қа­ра­жат бөлді. «Ембімұнайгаз» қызметін АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі ке­лісімшарттар аясында бөлінген қар­жыға «Ембімұнайгаздың» өндірістік бө­лім­шелері орналасқан аудандарда бала­бақ­шалар, мәдениет үйлері, дене­шы­нық­тыру-сауықтыру кешендері, мектептер, бюд­­жеттік мекеме қызметкерлері үшін бас­пана құрылыстары және т.б. әлеу­мет­тік нысандар салынып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда «Ембімұнайгаз» АҚ бо­ла­шаққа сеніммен қарайды. Жинақ­тал­ған бай тәжірибе мен білікті ұжымның ар­қасында компания алға қойылған бар­лық міндеттерді абыройлы атқара береді деп сенеміз.

Абылайхан ЖҰМАШ