Асқар Әділбекұлы Тоқмурзиев
«Ембімұнайгаз» АҚ құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры, Басқарма мүшесі
2008 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының іскерлік басқару мастеры және «Кәсіпкерлік және компанияны басқару» магистрі дәрежесіне ие.
Еңбек өтілі:
- 2008-2009 жж. «MANDARIN LTD» ЖШС-де заңгер;
- 2010-2013 жж. «Тұлпар» ЖШС-де заңгер;
- 2010-2013 жж. «Бастау - S» ЖШС-де заңгер;
- 2013-2014 жж. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де кеңесші заңгер;
- 2014-2016 жж. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де 1 категориялы кеңесші заңгер;
- 2016-2017 жж. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де жетекші кеңесші заңгер;
- 2017-2019 жж. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де заң департаментінің құқықтық қамту қызметінің жетекшісі;
- 2019 жылдан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметінде.
Марапаттары:
«Қазгермұнай» БК» ЖШС 20-жылдығына орай төсбелгі (2013 ж.), Қазақстан мұнайынының 120 жылдығына орай «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Құрмет грамотасы (2019 ж.), «Ембімұнайгаз» АҚ Құрмет грамотасы (2021 ж.), «Ембімұнайгаз» АҚ - 100 жыл» мерейтойлық медалі (2022 ж.).