«Ембімұнайгаз» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стандарттар талқыланды
Компанияның кеңсесінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдерімен кездесу өтті.
Департамент басшысы Нұрлан Еркебаев қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер туралы айтып берді. Атап айтқанда, мүдделер қақтығысы ұғымына енгізілген өзгерістер, жақын туыстар мен өзге де байланысты тұлғалардың бірлесіп қызмет атқаруына қатысты шектеулер, сондай-ақ, пара бергені үшін ғана емес, пара беруге уәде еткені үшін де қылмыстық жауапкершіліктің енгізілу мәселесі түсіндірілді.
«Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Ринат Ізмұханбет департамент өкілдеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізгені үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта да компанияның өзара ынтымақтастықты жалғастырып, жүйелі жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
«Ембімұнайгаз» компаниясы сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады және қолданыстағы барлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды қатаң сақтайды.
БАҚ-пен байланыс үшін:
Айгүл ЕРТЛЕУОВА: A.Ertleuova@emg.kmg.kz, +7 (7122) 99-32-09
Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmg.kz, +7 (7122) 99-34-66
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ 2012-2025 жылдар аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 902 млрд. 223 млн. теңге, өңірдің әлеуметтік дамуына – 8 млрд 096 млн теңге қаражат аударды.