сайт статистики

«Ембімұнайгаз АҚ ішкі жаттықтырушылар пулын жасақтады

«Ембімұнайгаз» АҚ-да (әрі қарай ЕМГ немесе Компания) «Ішкі жаттықтырушылар мектебі» жобасы қорытындыланды. Бұл бастаманың мақсаты – қызметкерлердің тәлімгерлерлік құзыреттерін дамыту. Сол үшін ЕМГ қарасты 6 құрылымдық бөлімшеден жинақталған 25 қатысушы Атырау, Алматы, Астана, Бурабай қалаларында ұйымдастырылған модульдік оқу бағдарламасына қатысты.

Сабақ кезінде жоба қатысушылары озық өндірістік технологиялар, тұрақты даму, экологиялық тазалық, ресурстарды ұқыпты пайдалану, әлеуметтік жауапкершілік салалары бойынша білім жетілдірумен қатар, жетекші жаттықтырушылар мен кәсіби актерлерден теориялық және практикалық курстардан өтіп, кез-келген тақырыпты логикалық тұрғыдан түсінікті әрі қызықты ашуды, жайсыз сұрақтарға жауап беруді, аудитория алдында өзін сенімді ұстауды меңгерді.

Қорытынды шарада әр қатысушы өз жобасын жасақтап, қорғады. «Үздік тренер», «Үздік презентация», «Жаңашыл көзқарастағы тренинг», «Өндіріс құндылығын арттыратын тренинг», «Үздік сарапшы-тренер», «Үздік тренер-практик», «Шабыт пен жігер» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Ембімұнайгаз» АҚ өз қызметкерлерінің жан-жақты дамуына, соның ішінде коучинг дағдыларын қолдана отырып, басқаларды оқытуға қабілеттілігіне назар аударады. Осы мақсатта Компанияда «Ішкі жаттықтырушылар мектебі» жобасы ұйымдастырылды. Қарқынды модульдік оқытудың нәтижесінде мықты, ішкі команда қалыптастырылды, деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Қайрат Әбенов.

Жобаның қорытындысы бойынша бүгінгі таңда өзекті саналатын кез-келген тақырыпты зерттеп, Компания қызметкерлеріне жеткізе алатын ішкі жаттықтырушылар пулы қалыптастырылды. 

БАҚ-пен байланыс үшін:

Ғалия ҚАРАЖАНОВА: G.Karajanova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-21
Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады.  «Ембімұнайгаз» АҚ 2012-2024 жылдар аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 780 млрд. 977 млн. теңге, өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға – 7 млрд 212 млн теңге қаражат аударды