Қауіпсіздік жолындағы әріптестік
«Ембімұнайгаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы) базасында Әзербайжан Республикасының «SOCAR» Мемлекеттік мұнай компаниясы, «Татнефть» ААҚ (Ресей) және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ делегацияларының қатысуымен ауқымды халықаралық іс-шара өтті.
Кездесу цифрлық технологиялар мен өндірістік қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық туралы мұнай-газ компаниялары арасында жасақталған Меморандум аясында өтті.
Делегация мүшелері Ембімұнайгаздың өндірістік нысандарын аралап, компанияның цифрландыру, жаңа технологиялар және өндірістік қауіпсіздік салалары бойынша жүзеге асып жатқан жобаларымен танысты.
Соның ішінде «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-на қарасты С.Балғымбаев кен орнында болған қонақтарға «Интеллектуалды кен алаңы», «Сапарларды басқару» және «Электронды наряд-рұқсат» жобаларының нәтижелері көрсетілді.
«Доссормұнайгаз» МГӨБ Шығыс Мақат кен орнында газ-мұнай-су шығуы салдарынан туындаған техногендік аварияны жою бойынша кешенді оқу-жаттығу өтті. Іс-шара барысында «Доссормұнайгаз» МГӨБ жерасты жөндеу цехы, «Ақ Берен» КӘАҚҚ РОШ АФ авариялық құтқару қызметі, «Семсер-Өрт сөндіруш» ЖШС Батыс филиалының өртке қарсы бөлімі және «Медикер-ӨМ» ЖШС медициналық бригадасының бірлескен әрекеттері пысықталды.
Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін, шараға қатысушылардың дайындықтары жоғары деңгейде екендігі аталып өтті. Бұл өндірістік нысандарда төтенше жағдай орын алған сәттерде өзекті саналады.
Сонымен қатар, делегация мүшелері еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздікке қатысты мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты, әрі қарай Меморандум аясындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайту бағытында жоспарлар құрды.
БАҚ-пен байланыс үшін:
Ғалия ҚАРАЖАНОВА: G.Karajanova@emg.kmgep.kz , +7 (7122) 99-34-21
Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ 2012-2024 жылдар аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 780 млрд. 977 млн. теңге, өңірдің әлеуметтік