Ембімұнайгаз» АҚ-да бірінші жартыжылдықтың қорытындылары шығарылды
«Ембімұнайгаз» АҚ-да (әрі қарай ЕМГ немесе Компания) ағымдағы жылдың 6 айындағы өндірістік және қаржылық-экономикалық көрсеткіштердің орындалуы қорытындыланды. Негізгі көрсеткіштер «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Ринат Ізмұханбеттің Басқару аппараты ұжымымен өткен кездесуінде айтылды.
Биылғы алты айда мұнай өндіру жоспары 101,2 %, мұнай тапсыру 101,5 % орындалды. Мұнай өндіру мен тапсыру жоспарының артығымен орындалуы геологиялық-техникалық шараларды тиімді жүзеге асырудың нәтижесінде жүзеге асып отыр. Осыған сай, Бас директор қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмай, мұнай өндіру бойынша жоспарлы көрсеткіштерді орындау үшін ағымдағы қарқынды сақтау қажеттігін атап өтті.
Мұнай өндіруді арттыру мақсатында Компанияда бірқатар инвестициялық жобалар қолға алынған. Оларды сәтті жүзеге асыру ЕМГ қызметіне жаңа тыныс әкеледі.
Есептік кездесуде әлеуметтік тұрақтылықты және қызметкерлердің еңбек жағдайына қанағаттануын қамтамасыз ету шараларына ерекше назар аударылды. Мәселен, биылғы жылы 6 жатақханаға күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланса, үшеуінде жөндеу жұмыстары қазірдің өзінде жүріп жатыр. Кадр саясаты саласында да «Серпін», «Алып», Дуалды оқыту, Ішкі тәлімгерлер мектебі сияқты бірқатар жобалар сәтті жүзеге асырылуда.
Айта кету керек, Компания басшылығының бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша еңбек ұжымдарымен есепті кездесуі бұған дейін барлық мұнай-газ өндіру басқармаларында және «Ембімұнайэнерго», «Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармаларында өтті.
БАҚ-пен байланыс үшін:
Ғалия ҚАРАЖАНОВА: G.Karajanova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-21
Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ 2012-2024 жылдар аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 780 млрд. 977 млн. теңге, өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға – 7 млрд 212 млн теңге қаражат аударды.