Байқауда «Ембімұнайгаз» АҚ үздік мамандары анықталды
«Ембімұнайгаз» АҚ-ның өндірістік-құрылымдық бөлімшелерінің жұмысшы мамандықтар арасында «Үздік маман-2023» кәсіби шеберлік байқауының ІІ кезеңі өтті.
Өндірістік-құрылымдық бөлімшелер базасында бірінші туры өткен дәстүрлі сайыстың жеңімпаздары болып танылған 80-ге жуық ембілік мұнай саласы мамандықтарының 15 түрінен өзара сынға түсіп, шеберліктерін ортаға салды.
Екі күнге созылған байқаудың салтанатты марапаттау шарасына қатысқан «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арынов бұл сайыстың жұмысшылар үшін маңызды екенін атап өтті: «Үздік маман» байқауына қатысу жұмысшыларға жаңа мүмкіндіктер ашып, дамуына серпін береді, нәтижеге жетуге бастайды. Байқаудың бұл кезеңіндегі жеңімпаздарға сайыстың соңғы сатысында жеңіске жетуіне тілектеспін» деді.
Сайыс қорытындысындағы командалық есеп нәтижелері: 1-орын –«Жайықмұнайгаз» МГӨБ, 2-орын – «Доссормұнайгаз» МГӨБ, 3-орын – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ.
Айта кетейік, сайыстың осы кезеңінде 1-орын иеленген жүлдегерлер «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес мекемелері арасында өтетін «Үздік маман» байқауының финалдық кезеңінде ембіліктердің намысын қорғайды.
БАҚ-пен байланыс үшін:
Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66
Гүлжан ӘмІрова: G.Amirova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-32-09
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2022 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 472 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға - 5 млрд 640 млн теңгеге жуық қаражат аударды.