Ембіде «Жыл үздіктері» анықталды
Махамбет атындағы Атырау облыстық драма театрында «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан былай ЕМГ немесе Компания) бойынша 2021 жылдың қорытындысына арналған «Жыл адамы» салтанатты шарасы өтті. Оған Компания басшылығы мен өндірістік – құрылымдық бөлімшелердің (ӨҚБ) және орталық басқару аппаратының ұжымы қатысты. Шарада 2021 жылы өндірістік көрсеткіштердің тұрақты орындалуына үлес қосып, табысты еңбектерімен, кәсіби шеберліктерімен ерекшеленген мұнайшылар марапатталды.
- Әлемдік пандемия – коронавирус инфекциясы Компанияның барша еңбек ұжымының қалыпты қызметіне зардабын тигізді. Алайда, біз өндірісті тоқтатпай, алдымызға қойған жоспар деңгейінен табыла білдік. Бұл орайда, өздерінің күнделікті қызметтерінде кәсіби шеберлік таныта біліп, табысты еңбектерімен ерекшеленген әріптестерімізге алғысымыз шексіз. Ембі өндірісінде орын алған қиын жағдайға қарамастан, өндіріс алаңдарындағы қажырлы еңбектің нәтижесінде «мұнай өндіру мен тапсыру» көрсеткіші тұрақты орыналды. Бүгінгі табысты еңбектерімен ерекшеленген бір топ әріптесімізді ұлығылау - Ембі өндірісіндегі қарапайым еңбек адамының жасампаз еңбегіне көрсеткен құрметіміз,- деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасы Есен ҚАЙЫРЖАН.
Салтанатты шарада «Жыл адамы» марапатына ие болғандар:
- «Жыл тануы» номинациясымен
Сағындықов Жәнібек Бердібекұлы, «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының бас технологы;
- «Жылдың үздік топ- менеджері» номинациясымен
Қасымғалиев Қанатбек Махмудұлы, «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары;
- «Жылдың үздік менеджері» номинациясымен
Куримов Мұратбек Санбайұлы, «Ембімұнайгаз» АҚ стратегиялық даму тобының жетекшісі;
Төресаев Мәлік Қапанұлы, «Ембімұнайгаз» АҚ көлік қызметінің жетекшісі;
Шынжырбекова Шамия Қармысқызы, «Ембімұнайгаз» АҚ салық есебін дайындау қызметінің жетекшісі;
- «Жыл басшысы» номинациясымен
Әбдиев Серік Амангелдіұлы, «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы;
- «Жыл цех бастығы» номинациясымен
Ұлжанов Асылбек Жардемұлы, «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Құлсарыдағы ұңғыларды жерасты жөндеу цехының цех бастығы;
Елемесов Бейбіт Қажмұханұлы, «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының № 1 Ботақан мұнай және газ өндіру цехының бастығы;
Айтжанов Ержан Қуанышұлы, «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Кенбай мұнай және газ өндіру цехының бастығы;
- «Жыл шебері» номинациясымен
Ахтаев Бактыгерей Шанұлы, «Жайықмұнайгаз" мұнай-газ өндіру басқармасының № 4 мұнай және газ өндіру цехының мұнай және газ конденсат өндіру шебері;
Турсиев Әнуарбек Орынбайұлы, «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Мақаттағы мұнай дайындау және айдау цехының шебері;
Сұңғатов Сәкен Сұңғатұлы, «Ембмұнайэнерго» басқармасының «Жайық» аудандық электр торабының шебері;
- «Жыл тәлімгері» номинациясымен
Жумагелдин Бекен Жұмагелдіұлы , "Қайнармұнайгаз" мұнай-газ өндіру басқармасының зерттеу жұмыстары цехының 5- дәрежелі ұңғымаларды зерттеу операторы;
- «Жыл серіктесі» номинациясымен
Танбаева Гүлнафис Әбділдақызы, №7 Атырау қалалық емханасының директоры марапатталды.
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09
Анықтама:«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жылдың 11 ай аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық қаражат аударды.