Кішкентай ембіліктердің бақытты балалық шағы
Компания қызметкерлерінің балалары арасында ұйымдастырылған «Менің бақытты балалық шағым» атты дәстүрлі шығармашылық байқауы қорытындыланып, үздік шығармашылық жұмыстардың авторлары анықталды. Пандемияға байланысты «Менің бақытты балалық шағым» атты дәстүрлі шығармашылық байқауы биыл онлайн түрінде 26 мамыр – 3 тамыз күндері аралығында өтті.
- Жас ерекшеліктеріне байланысты 5-15 жас аралығында балалар арасында өткен дәстүрлі байқауға 25 жұмыс түсті. Мұнайшылардың балалары шығармашылық жұмыстарында өздері туралы, мұнайлы Ембіде қызмет ететін ата-аналары, 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысында жеткен Жеңіске ембілік мұнайшылардың - аға буын өкілдерінің қосқан үлестері, карантин кезеңінде уақыттарын қалай өткізгендері туралы баяндаған, - дейді қазылар алқасының төрағасы, ЕМГ әлеуметтік саясат және инфрақұрылымдық нысандарды басқару жөніндегі департаментінің директоры Бибоз ШАЯХМЕТОВ.
Байқауға ұсынылған шығармашылық жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде, әртүрлі жанрда – мақала, репортаж, фоторепортаж, сурет, бейнеролик (телефонға түсіруге болады) түрінде дайындалған. Жас ерекшеліктерін ескеріп, 3 номинация бойынша байқауға түскен шығармаларды үш топқа топтастырылды. Айта кетейік, түскен еңбектерді саралап, үздікті анықтау мақсатында құрылған қазылар алқасы құрамына әлеуметтік саясат және инфрақұрылымдық нысандарды басқару жөніндегі, қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу департаменттерінен, Қоғаммен байланыс қызметінен мамандар және «Жас мамандар кеңесінің» мүшелері кірді.
Қазылар алқасы байқауға түскен еңбектерді мазмұндарына қарай саралап қорытындысын шығарды.
«Менің әкем/анам – Ембі мұнайшысы» номинациясы бойынша (11 жұмыс):
10-12 жас аралығында жеңімпаз болып Дильнұр Мақсот (видео) танылды;
13-15 жас аралығында Айғаным Дулатқызына (видео) ынталандыру сыйлығы берілді.
«Батырлар ерлігі – мәңгі есімізде» номинациясы бойынша (6 жұмыс):
10-12 және 13-15 жас аралықтарында жеңімпаз болып Арайлым Ерболқызы (эссе, сурет) және Ұлжан Аманқосова (эссе, өлең) танылды.
5-9 жас аралығында Бекарыс Мәлікке (сурет) ынталандыру сыйлығы берілді.
«Карантин бізге не үйретті?» номинациясы бойынша (7 жұмыс):
5-9 жас аралығында Назира Нұрғали (видео) - І орынды, Іңкәр Нұрлыбекқызы (видео) ІІ орынды жеңіп алды.
Байқау қорытындысымен жеңімпаздар Компания атынан сыйлықтармен, ал, барлық қатысушылар мен ата-аналары Басқарма басшылығының атынан Алғыс хаттармен марапатталады.
«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап 2020 жылдың бірінші жартыжылдығы аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 177 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 600 млн теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.