Вахтада вирусқа жол жоқ
Компанияда жасақталып, бекітілген және Атырау облысының бас санитарлық дәрігерімен келісілген талаптарға сай «Ембімұнайгаз» АҚ COVID-19 инфекциясын болдырмау мақсатында вахта жұмысына кіретін барлық жұмысшыларға ПЦР- тест сынағын ұйымдастырды.
Құлсары қаласындағы жұмысшыларға жасалған тесттік сынақтың қорытындысы бойынша 12.05.2020 күні кешкі сағат 21.45-те «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ бір қызметкерінде коронавирус инфекциясының белгісі анықталды. Аудандық санитарлық эпидемиологиялық стансасына хабарланғаннан кейін, сол күні 24.00-де қызметкер мамандырылған стационарға карантинге жатқызылды. Контактіде болған барлық адамдар анықталуда. Жылыой аудандық СЭС –тің келісімімен тесттік сынақтың қорытындысы бойынша «Жылыоймұанйгаз» МГӨБ вахта ауысымы жалғасатын болады.
Бүгінгі таңда, «Ембімұнайгаз» АҚ –ның 1 120 қызметкері ПЦР - тест сынағынан өтті. Сонымен қатар, вахталық поселкелердің қызметін қамтамасыз ететін мердігер мен сервистік мекемелердің қызметкерлерінің де тесттік сынақтан өтуі міндетті. Мамандарды тесттік сынақтан өткізу шарасы графикке сай Атырау қаласы мен Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы «Олимп» диагностикалық зертханасында дистанциондық талапқа сай жүргізілуде. Өндірістік құрылымдық бөлімшелердің жұмысшыларын кең қамту үшін жылжымалы зертхана Аққыстау ауылы, Мақат, Доссор кенттерінде және Жамансор стансасында ұйымдастырылуда.
«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ 2012 ж.1-қарашасынан 2019 жылы аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.