Соғыс ардагеріне – жарты миллион
«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) басшылығы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай компанияның зейнеткерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламасы шеңберінде кәсіпорын зейнеткерлері- Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне-200 мыңнан 500 мың теңгеге дейін, тыл еңбеккерлеріне-30 мыңнан 50 мың теңгеге дейін, интернационалист-жауынгерлерге – 50 АЕК дейін төлемдерді ұлғайту туралы шешім қабылдады.
- Компанияда әрбір жауынгер-мұнайшы туралы естелік сақталып, көзі тірі ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, интернационалист-жауынгерлерге қамқорлық жасалуда. Олардың барлығы Компанияның әлеуметтік қолдауымен қамтамасыз етілген. Бүгінгі мерейтой күні біз тағы да соғыс даласында қаза тапқан және жау қолынан жарақат алып, үйге оралған миллиондаған жауынгерлердің ерлігіне бас иеміз. Сондай-ақ, тыл еңбеккерлеріне жеңіске деген шексіз сенімі мен ерен еңбегі үшін зор ризашылығымызды білдіреміз, - деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасы Есен ҚАЙЫРЖАН.
Коронавирустық пандемияға байланысты ағымдағы жылы компанияда Жеңіс мерекесіне орай жыл сайынғы дәстүрлі Компания басшылығының ардагерлердің үйлеріне барып құттықтауы, «Азалы Ана» мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі және ардагерлерді құрметтеу мақсатындағы мерекелік түскі ас іс-шаралары ұйымдастырылмады.
Қазіргі уақытта ЕМГ-нің әлеуметтік қолдауымен 3 ҰОС ардагері, 98 тыл еңбеккері және 15 интернационалист-жауынгері қамтылған. Мерекеге орай барлық төлемдер олардың шоттарына аударылады.
Мерекелік және мерейтойлық күндерге төленетін төлемдерден басқа, Компания өзінің қамқорлығындағы адамдарды медициналық сақтандырумен қамтамасыз етеді және емдеу мен дәрі-дәрмек сатып алу шығындарын өтейді.
«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ 2012 ж.1-қарашасынан 2019 жылы аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.