сайт статистики

Медицина және полиция қызметкерлеріне миллион

Қайырымдылық қасиетімен және жоғары азаматтық жауапкершілігімен ерекшеленіп келетін Ембі мұнайшылары) жалпыхалықтық «Bizbirgemiz» акциясына үлес қосуды жалғастыруда.  

- Біздің Компаниямызда еріктілер қызметі жақсы жолға қойылған. Осы жолы да компания ұжымы Атырау облысының Іскер әйелдер кеңесінің карантиндегі медицина және полиция қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету жөніндегі бастамасын бірауыздан қолдады. Нәтижесінде, Компанияның басқару аппаратының басшылық құрамы мен «Мұнайшы қыз» клубының мүшелері жеке қаражаттары есебінен 1 миллион теңгеден астам ақша жинады. Бұл қаражат жоғарыда аталған жерлестерге қолдау ретінде аударылады, - деді ЕМГ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, «Мұнайшы қыз» әйелдер клубының төрайымы Рысты ТАСМАҒАМБЕТОВА.  

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың сәуір айында ЕМГ Атырау облыстық әкімдігінің сұранысы бойынша ЕМГ жергілікті тұрғындар арасында COVID-19 вирусының таралу қаупін жою мақсатында Атырау қаласының Береке мөлтек ауданындағы тұрғын үйлерде оқшауланған Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрмыстық техника, азық-түлік өнімдері және басқа да тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз етіп, демеушілік көмек көрсетті.

Соңғы бес жылда ембіліктер еріктілер қызметі бастамасымен қазақстандық 21 көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етті. 2019 жылғы шілде айында ЕМГ ұжымы республикалық «Арыс. Біз біргеміз!» акциясына қатысып, Арыс қаласындағы аз қамтылған көпбалалы отбасыларының 400-ден астам оқушысына мектепке қажетті құралдар мен киім-кешектер алып берді. Дәл осындай көмек Атырау қаласы мен аудандарындағы да әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының 70 баласына да көрсетілді.

                                                  «Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс  қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. 

«Ембімұнайгаз» АҚ 2012 ж.1-қарашасынан  2019 жылы аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн     теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.