«Ембімұнайгаз» АҚ-да жаңа өндіріс жөніндегі басқарушы директор
Құтжанов Абат Амангелдіұлының «ҚазМұнайГаз»Ұлттық Компания» АҚ-на жұмысқа ауысуына байланысты, «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан былай ЕМГ немесе Компания) өндіріс жөніндегі басқарушы директор лауазымына Жилкишиев Малик Жолдасқалиұлы тағайындалды.
Жилкишиев Малик Жолдасқалиұлы- Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша, Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша бакалавриатын, Қазақстан-Британ Техникалық университетін – экономика және бизнес магистрін бітірген.
Еңбек жолын 1982 жылы Доссор кен алаңының бу-сумен қамту цехының апатты-қалпына келтіру жұмыстарының 2-разрядты жөндеушісі болып бастады. Кеңес әскері қатарында азаматтық борышын өтегеннен соң, Доссор кен алаңында апатты-қалпына келтіру жұмыстарының 2-разрядты жөндеушісі еңбек жолын одан әрі жалғастырады. Институтты бітірген соң «Гурьевмұнайгазгеология» бірлестігінің Солтүстік-Ембі мұнайгазбарлау экспедициясының 4-разрядты бұрғышысының көмекшісі,өндірістік оқыту шебері,Доссордағы өндірістік-оқыту бойынша училище директоры, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ Ұңғымаларды жер асты жөндеу учаскесінің шебері, басшысы, Кенбай мұнай-газ өндіру цехы басшысының орынбасары, басшысы, Б.Жоламанов атындағы мұнай-газ өндіру цехының басшысы, Өндірісті жедел басқару цехы басшысының орынбасары, басшысы, өндірістік-техникалық қызметінің жетекші инженері, басшысы, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ бас инженері, «Доссормұнайгаз» МГӨБ бас инженері қызметтерін атқарды. 2017 жылдың 12-қыркүйегінен бастап жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ЕМГ Басқару аппараты мұнай және газ өндіру департаментінің директоры болды.
Марапаттары: «Прорва кен алаңының 50 жылдығы» төс белгісімен, РҚ Тәуелсіздігі күніне орай «ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ Құрмет грамотасымен, «Мұнай-газ кешенін дамытуға косқан үлесі үшін», «Ембімұнайгаз» АҚ құрылғанына -95 жыл», ҚР Энергетика министрлігінің «Қазақстан мұнайына 120 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.
«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ 2012 және 2019 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трл 041 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.