сайт статистики

Барлық жағынан дарынды!

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) өндірістік құрылымдық бөлімшелері арасында «Мәдениет күндері» шарасы өтті. Ай жарым уақытқа созылған өнер фестивалін «Доссормұнайгаз» МГӨБ ұжымы ашып, Орталық басқару аппараты ұжымы қорытындылады.

- Ембіде алғаш рет ұйымдастырылған мәдени шараға екі жүзге жуық ембілік қатысып, тек мұнай-газ саласында білікті маман ғана емес, сонымен қатар, үлкен өнер иесі екендіктерін көрсетті. Жыл соңында ұжымға мерекелік-мәдени көңіл-күй сыйлаған барлық қатысушыларға алғыс білдіремін, - деп атап өтті Мәдениет күндерінің қорытындысы шарасында «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ.       

«Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты өндірістік құрылымдық бөлімшелер арасында «Мәдениет күндері» бағдарламасында ұжым мүшелері өз күштерімен дайындалған концертті, басқарманың тарихы мен жетістігі жөнінде ұйымдастырылған көрмелерді көрермен назарына ұсынды.

Ұжым мүшелерінің өнерін компанияның басшылық құрамынан құлырған қазылар алқасы бағалады. 

Шаралар қорытындысымен «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ  Бас жүлдені иеленсе, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ, ӨТҚжЖК және «Ембімұнайэнерго» басқармалары І орынды жеңіл алды. «Қайнармұнайгаз» және «Доссормұнайгаз» МГӨБ ІІ орынды  еншілеп, Орталық басқару аппараты ұжымы ІІІ орынды иеленді.

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс  қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ 2012 және 2019 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша  республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 041 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.