сайт статистики

Ембі басшысы аймақ ардагерлерімен кездесті

Жуырда «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Есен Қайыржан бастаған компанияның басшылық құрамы облыстың әр түрлі саласында еңбек еткен бір топ ардагерлерімен кездесті.

Кездесу барысында Компания басшысы ардагерлерді Жаңа жылмен құттықтап, олардың егемен еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына қосқан елеулі үлестері мен ерен еңбектерін ерекше атап өтті.

- Жаңа қызметке кіріскен соң мен, ең алдымен, осы өңірдің ардагерлерімен кездесуді жөн санадым. Ардагерлер – халықтың асыл қазынасы саналады. Сіздердің  бай тәжірибелеріңіз, парасатты ойларыңыз, кеңестеріңіз қазіргі ұрпақ үшін өте маңызды. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасы Е.Қайыржан.

Жиналған облыстың еңбек ардагерлері мен Компанияның зейнеткерлері өздерінің еңбек еткен жылдарын еске алып, қай кезде де мұнай саласы еліміздің дамуына оң үлесін қосып келгенін, қиын кезеңдерде мұнайшылардың ерлікпен пара-пар еңбектерін жоғары бағалады.

Аймақ ардагерлері атынан сөз алған Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Ризуанов пен Атырау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Бекеш өз ұсыныстарын жеткізді. Ал, кездесуге қатысқан ембілік ардагерлер де өз естеліктерін айтып, бай еңбек тәжірибелері аясында ұсыныстарын айтты.

Ел ағалары жаңа тағайындалған Компания басшысының жұмысына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.

«Ембімұнайгаз»  АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

БАҚ-пен байланыс үшін:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ 2012 ж.1-қарашасынан  2019 жылға дейінгі аралықта республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трл     теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.