сайт статистики

Мұнайшылар бос уақытын қалай өткізеді?

«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) әлеуметтік саясат және инфрақұрылымдық нысандарды басқару департаментінің бастамасымен    «Мұнайшылар демалысы» бағдарламасы пилоттық жобасы іске қосылды. 

Демалыс бағдарламасы ерікті түрде, жұмыс уақыты аяқталған соң, 20.30-22.30 сағат аралықтарында ұйымдастырылды.

Бағдарламаның мақсаты - өндірістік құрылымдық бөлімшелердегі ауысымдық әдіспен еңбек ететін жұмысшылардың жұмыстан кейінгі демалыс уақыттарын тиімді пайдалану және  салауатты өмір салтын дамыту, ішкі байланысты нығайту. Бағдарлама  кезінде зал толы жұмысшылар әріптестеріне қолдау білдіріп, шара жоғары ұйымшылдықпен өтті. Сайыста әріптестеріміздің шығармашылық қабілеттерін алғаш рет байқадық, ол олардың ұжымдағы беделінің артып, сол арқылы ұжымдағы тиімді ахуалға әсер етті,-деді атап өтті өз сөзінде ЕМГ Әлеуметтік саясат және инфрақұрылымдық нысандарды басқару департаментінің директоры Бибоз ШАЯХМЕТОВ.

Аталмыш бағдарлама аясында 2019 жылдың қыркүйек айында «Жайықмұнайгаз»» МГӨБ «С.Балғымбаев» кен алаңында, «Доссормұнайгаз» МГӨБ «Шығыс Мақат» кенішінде, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ «Кенбай» кен алаңында, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ «Каспий самалы» мұнайшылар  қалашығында шахматтан, үстел теннисінен, бильярд, дартс спорт шараларынан сайыстар  өтті.

«Жайықмұнайгаз» МГӨБ С.Балғымбаев атындағы кен орнындағы спорт додасына  20 қызметкер қатысып, өзара бақ сынасты.

Спорт сайыстарының жеңімпаздарына тоқталсақ.

Шахматтан:

1 орын – Шахуов Мәлік,№1 мұнай және газ өндіру цехының шебері;

2 орын – Сапаров Агидолла, арнаулы техникалар және автокөліктер колонасының жүргізушісі;

3 орын – Темеев Жарқын, басқару аппаратының еңбекке ақы төлеу және қызметкерлерді басқару бөлімінің еңбекті нормалау жөніндегі инженері;

 

үстел теннисінен:

1 орын – Балабаев Азамат, күрделі құрылыс бөлімінің инженері;

2 орын – Кадимов Мейіржан, газ дайындау учаскесінің шебері;

3 орын – Өтегенов Досхан, зерттеу жұмыстары цехының 3 дәрежелі операторы;

 

бильярдтан:

1 орын – Айталиев Мержан, №1 мұнай және газ өндіру цехының 4 дәрежелі операторы;

2 орын – Мамбетов Болат, газ дайындау учаскесінің механигі;

3 орын – Каримсаков Сейтжан, «Медикер» ЖШС-нің дәрігері.

«Доссормұнайгаз» МГӨБ  Шығыс Мақат кен орнында шахмат, үстел теннисі, бильярд және дартстан (ерлер, әйелдер арасында) өткен жарысқа 29 қызметкер қатысты.

Жарыстың қорытындысы

шахматтан:

1 орын – Аймагамбетов Арман, арнаулы техникалар және автокөліктер колонасының автокран машинисті;

2 орын – Хамитова Айжан, мұнай айдау және тасымалдау цехының лаборанты;

3 орын – Мамбетов Мереке, «Шығыс Мақат» кен орнының электромонтеры;

 

үстел теннисінен:

1 орын – Атагузиев Рамазан, ащы су дайындау қондырғысының операторы;

2 орын – Бегимов Серік, арнаулы көлік керуенінің жүргізушісі;

3 орын – Жұбанов Жанболат, газды дайындау қондырғысының опреаторы;

 

бильярдтан:

1 орын – Байумиров Азамат, зерттеу жұмыстары цехының операторы;

2 орын – Әлімбетов Қанат, «INTERTEACH» мекемесінің дәрігері;

3 орын – Жұмаберген Азамат, «Мұсахан секьюрити» ЖШС күзетшісі;

 

дартстан (ерлер арасында):

1 орын – Сәден Темірлан, «Dos support» ЖШС сантехнигі;

2 орын – Кабекешов Бимырза, «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС өрт сөндірушісі;

3 орын – Байтлеуов Асылбек, мұнай айдау және тасымалдау цехының лаборанты;

 

дартстан (әйелдер арасында):

1 орын – Нұржанова Алмагүл, зерттеу жұмыстары цехының шебері;

2 орын – Мұқашева Салтанат , зерттеу жұмыстары цехының операторы;

3 орын – Крыкбаева Нурбига, «Dos support» ЖШС бөлме тазалаушысы.

«Жылыоймұнайгаз» МГӨБ «Каспий самалы» вахталық қалашығында шахмат, үстел теннисі және бильярдтан өткен жарысқа 42 қызметкер қатысты.

Жарыс қорытындысы

шахматтан:

1 орын – Гибадуллин Бауыржан, «Достық вест» ЖШС бақылау өлшеу аспабы және автоматтандыру инженері;

2 орын – Даулетов Руфат, «Мұсахан секьюрити» ЖШС күзетшісі;

3 орын – Косымбаев Асылбек,  «Ac Car.KZ» ЖШС жүргізушісі;

 

үстел теннисінен:

1 орын – Тажигалиев Марат, арнаулы техникалар және автокөліктер колонасының автоэлектригі;

2 орын – Нугманов Нурбек , газ өңдеу және күкірт алу цехының операторы;

3 орын – Айткожин Сатжан, «Мұсахан секьюрити» ЖШС күзетшісі;

 

бильярдтан:

1 орын – Бекмагамбетов Бактыгали, өндірістік диспетчерлік қызмет жетекшісінің орынбасары;

2 орын – Кабдолов Талгат, С.Нұржанов атындағы мұнай-газ өндіру цехының операторы;

3 орын – Куанышев Жомарт , газ дайындау және күкірт алу цехының операторы.

«Қайнармұнайгаз» МГӨБ «Кенбай» кен орнында шахмат, үстел теннисі және бильярдтан өткен жарысқа 24 қызметкер қатысты.

Жарыс қорытындысы

шахматтан:

1 орын – Бисембаев Тимур, ұңғымаларды жер асты жөндеу цехының машинисті;

2 орын – Сатмагамбетов Қайрат, мұнай өндіру цехының операторы;

3 орын – Жұмағазиев Махамбет, мұнай дайындау цехының операторы;

 

үстел теннисінен:

1 орын – Көшелеков Ғарифолла, ұңғымаларды жер асты жөндеу цехының операторы;

2 орын – Елеулиев Берекет, жер қабаты қысымын ұстау цехының операторы;

3 орын – Болатаев Серік, жер қабаты қысымын ұстау цехының операторы;

 

бильярдтан:

1 орын – Конуспаев Абзал, мұнай газ өндіру цехының геологы;

2 орын – Галиев Нұржасар, арнаулы техника және автокөлік колоннасы машинисті;

3 орын – Сүлейменов Берік, жер қабаты қысымын ұстау цехының жөндеушісі.

 

Сонымен қатар,  пилоттық жобаның аясында  «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының «Кенбай» вахталық қалашығындағы  жатақханада тұрып жатқан жұмысшылардың арасында музыкалық аспаптарда (домбыра, баян, гитара) орындаушылық, вокал және көркемсөз оқудан конкурс ұйымдастырылды.   Оған 11 адам қатысып, өздерінің орындаушылық қабілеттерінен бақ сынасты. Топ жарғандар жүлделі орындармен марапатталды.

Олар:

Гүлмира Құрманғалиева, «Dos support» ЖШС қызметкері  (1-орын)

Айбек Мұхамбетқалиев, «Erp service» ЖШС қызметкері (2 орын);

Жұмазия Төретаева – ПРЭО қызметкері (3 орын).

 

Шара соңында өндірістік құрылымдық бөлімшелерде еңбек етіп жатқан жұмысшылар Компания басшылығына ұжым ішілік байланысты нығайтуға, мұнайшылардың жұмыстан кейінгі демалыс уақытты тиімді пайдалануға бағытталған  шараларға, сол арқылы ұжымдағы бірлікті нығайтуға бағытталған бағдарламаға қолдау көрсеткені үшін алғыс сезімдерін блідірді.  

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс  қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 - 2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.