Дуалды оқыту: болашақ энергетиктер – Ембі өндірісінде
2020 жылдың қаңтар айында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің 29 студенті дуалды оқыту жүйесі бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) өндірістік алаңдарында оқуды бастады.
Дуалды оқыту бағдарламасы жүзеге асқан кезден бастап «Энергетика» мамандығы бойынша білім алып жатқан 5 студент алғаш рет «Ембімұнайэнерго» басқармасының бөлімшелерінде «Электр құралдарын жқндеу және қызмет көрсету электр монтері» мамандығы бойынша өндірістік оқу мен тәжірибеден өтеді.
Студенттердің негізгі бөлігі «Мұнай-газ ісі» және «Геология» мамандықтары бойынша «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» және «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары кен алаңдарының зерттеу жұмыстары және мұнай өндіру цехтарында «Ұңғыларды зерттеу операторы» және «Мұнай-газ өндіру операторы» мамандықтары бойынша білім алады.
- Жоба жүзеге аса бастаған жылдары ЕМГ базасында жұмысшы мамандықтар бойынша 117 студент дуалды оқытудан өтті. Қазіргі таңда Компанияның өндірістік базаларында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, АПЕК Петротехник жоғарғы колледжі, С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі, Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің 49 студенті аталған жоба бойынша барлығы білім алуда, - дейді ЕМГ қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу департаментінің директоры Гүлбану ШАРАФЕТДИНОВА.
Естеріңізге сала кетейік, «Ембімұнайгаз» АҚ-да студенттерді Дуалды оқыту бағдарламасы 2015 жылдың тамыз айында басталған болатын. Жоба кесте бойынша жүзеге асады: студенттер 14 күн бойы вахталық әдіспен кен алаңдарында тәжірибе жинақтаса, 14 күнде өз білім ордаларында теориялық білім алады. Жоба шеңберінде тағылымгерді оқыту, тамақтандыру, жатын орынмен, арнайы киіммен және өтемақы төлемдерімен қамту шығындарын Компания өтейді.
«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі
БАҚ-пен байланыс үшін:
Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ 2012 ж.1-қарашасынан 2019 жылға дейінгі аралықта республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.