сайт статистики

«Ембімұнайгаз» АҚ-да жаңа басқарма құрамы

«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан былай ЕМГ немесе Компания) Директорлар Кеңесінің 16 қаңтар 2020 ж. шешімімен Компанияның жаңа Басқарма құрамы анықталды.

Басқарма төрағасы болып Қайыржан Есен Қайыржанұлы сайланды. Қайта сайланған Басқарма мүшелері: Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Қасымғалиев Қанатбек Махмұдұлы, Басқарма төрағасының  геология және кен орындарын игеру жөніндегі орынбасары Әділбеков Қайрат Әділбекұлы, Басқарма төрағасының  экономика және қаржы  жөніндегі орынбасары Тасмағамбетова Рысты Нұрғалиқызы, Басқарма төрағасының  жалпы мәселелер бойынша орынбасары Нақпаев Сәлімжан Жұмашұлы және заң департаментінің директоры  Тоқмұрзиев Асқар Әділбекұлы.

Жаңартылған Басқарманың өкілеттік мерзімі 2020 ж. 21 қаңтарынан 2023 жылдың 20 қаңтарына дейінгі аралық  деп белгіленді.

«Ембімұнайгаз»  АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

БАҚ-пен байланыс үшін:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ 2012 ж.1-қарашасынан  2019 жылға дейінгі аралықта республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трл     теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.