сайт статистики

Мұнайлы Ембіде – жаңа басшы

«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 16-қаңтардағы шешімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Басқарма төрағасы Жақсыбеков Әнуар Еркінұлының құзыреттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Аталған шешіммен «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына Есен Қайржан сайланды.

- «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Әнуар Еркінұлының Ембідегі жұмысына оң бағасын берді. Ол қызмет еткен жылдары Компанияның 2027 жылға дейінгі Даму тұжырымдамасы қабылданып, оны жүзеге асыру барысында байырғы кен орындарында жылдық мұнай өндіру шамамен 80 мың тоннаға дейін өсті, мұнай қоры айтарлықтай ұлғайды. Компания жыл сайын мемлекет алдындағы барлық міндеттемелерді орындаумен қатар, қызметкерлерді тұрақты әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіп, акционерге табыс әкелуде.  Ә.Жақсыбеков ұлттық компания тарапынан маңызды учаске – шетелдік инвесторлардың қатысымен жүзеге асып жатқан жобаға ауыстырылып жатыр. Жаңа басшы Қайыржан Есен Қайыржанұлының үлкен тәжірибесі мен кәсіби білімі бас компанияның алға қойған міндеттерін орындауға көмектеседі және Ембі мұнайының одан әрі өркендеуіне айтарлықтай үлес қосады деп сенемін, - деп атап өтті ұжыммен кездесу барысында ҚМГ ҰК Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып МАРАБАЕВ.

Есен Қайржан 1962 жылғы 15 қарашада Атырау облысында дүниеге келген.

Білімі:

1985 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ кәсіпшілігі машиналары мен жабдығы» мамандығы бойынша аяқтады.

2000 жылы В.А.Горячкин атындағы Мәскеу Мемлекеттік Агроинженерлік Университетін «Кәсіпорындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша тәмамдады.

2012 жылы  РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясы МБМ ЖКБ «МВА: Менеджмент - Халықаралық бизнес»  «Іскерлік әкімшілендіру мастері» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек қызметі:

1985 ж. - 1992 ж. аралығында – «Мангышлакнефть» бірлестігінің  «Жетыбайнефть»  МГӨБ жөндеуші слесары, инженері, аға инженері.

1992 ж. - 1994 ж. аралығында – Маңғышлақ мұнара монтаждау басқармасының прорабы.

1994 ж. – 1995 ж. аралығында - «Южнефтегаз» МАҚ–да өндірістік қызмет көрсету базасы бастығының орынбасары, Қызылорда қаласы.

1995 ж. – 2002 ж. аралығында - «Құмкөл-ЛУКойл» АҚ бас директорының орынбасары.

2002 ж. – 2009 ж. – «Торғай Петролеум» АҚ бас директорының орынбасары.

2009 ж.-2016 ж. аралығында - «Торғай Петролеум» АҚ бас директоры.

2016 ж. сәуірден бастап – 2007 ж. шілдесі аралығында - «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті.

2017 ж. шілде – 2018 қараша аралығында «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, бас директоры.

2018 ж. қараша айынан 2020 ж. қаңтары аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сатып алу және жабдықтау жөніндегі басқарушы директор.

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс  қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. 

«Ембімұнайгаз» АҚ 2012 жылдан бастап  2019 жылдың қорытындысы бойынша республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.

 «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.