сайт статистики

Ембіде горизонталды бұрғылау әдісі енгізіле бастады

«Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) игерудің жоғары сатысындағы көптеген кен орындарында қалған қорды шығару үшін заманауи тәсілдер мен технологиялар қолдынылуда. Бұл кен орындарын игеруге неғұрлым күрделі геологиялық нысандарды тартуға мүмкіндік береді. Осындай технологиялардың бірі - вертикалды ұңғымалармен салыстырғанда жоғары тиімділікті көрсететін горизонталды ұңғымаларды бұрғылау. Осы қызмет аясында 2019 жылы ЕМГ-де 5 горизонталды ұңғыма бұрғыланды, оның 4-і пайдаланылуда және мұнай өндірудің жақсы көрсеткіштерін қамтамасыз етеді, 1-уі сынақтан өтуде.

- Әрбір горизонталды ұңғыма үлкен қауіптерге қарамастан біздің мамандар сәтті қол жеткізген нақты геологиялық мақсаттар үшін қолға алынды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде горизонталды ұңғыманың өнімділік коэффициенті вертикалды ұңғымадан бірнеше есе жоғары екендігі анықталды. Болашақта ЕМГ горизонталды ұңғымаларды 300 м тереңдікте жатқан тұтқырлығы жоғары жер қабаттарына бұрғылауды және жыл сайын вертикалды бұрғылауда горизонталды ұңғымалар үлесін ұлғайтуды жоспарлап отыр, - деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ.

Мұнай өндіру және көмірсутек қорларын игеру көрсеткіші ауқымды горизонталды қашықтықта  мұнай қабаттарын бұрғылау нәтижесінде жүзеге асады. Бұл өз кезегінде горизонталды ұңғымалардың өнімділік коэффициентін арттырып, мұнай игеру ауқымын кеңейтеді.

Ресейдегі вертикалды бұрғылаудың статистикасына сәйкес, горизонталды ұңғымалар саны жыл сайын өсуде, сонымен қатар, олардың басқа ұңғымаларға қосар үлесі де бар. Қазақстанда әр түрлі мұнай компаниялары горизонталды бұрғылау жұмыстарымен айналысады. Алайда, бүгінгі таңда горизонталды бұрғылаудың вертикалды бұрғылауға үлесі шамалы болып отыр.

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс  қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ 2012 жылдан бастап  2019 жылдың қорытындысы бойынша  республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.