сайт статистики

«Мұнайшы әулеттері» - Ембінің мақтаныштары

«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) Бас кеңсесінде  акционерлік қоғамы «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының бастамасымен  Ембі өндірісінің қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан мұнайшы әулеттерінің өкілдерімен кездесу өтті.  Шараға Компания басшылығы, ардагер мұнайшылар, жас мамандар, орталық басқару аппаратының қызметкерлері қатысты.

Ембі өндірісінің тұрақты дамуының бір тетігі – мұнайшы әулеттерінің қалыптасуында. Жүз жылға жуық Ембі тарихында төрт және одан да көп ұрпақтары мұнайшы мамандығын таңдаған жиырмадан астам мұнайшылар әулетінің өкілдері еңбек етуде. Мұнайшы әулеттерінің Ембі өндірісінің дамуына қосқан еңбектерінің арқасында ұрпақтар сабақтастығы қалыптасып, мол тәжірибе ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда, жастар арасында мұнайшы мамандығына  мақтаныш сезім тәрбиеленуде, - деді ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков салтанатты кездесудегі сөйлеген сөзінде.

Кездесуге келген Бешімовтер, Жылқышиевтер, Қанатбаевтар, Көшмағамбетовтер мен Құрманқұловтар мұнайшы әулеттері туралы бейнороликтер көрсетіліп, олардың ұзақ жылғы табысты еңбектері кеңінен таныстырылды.  Мұнайшы әулеттерінің өкілдері  отбасылық құндылық, мұнайшы мамандығының мәртебесі туралы пікірлерімен бөлісіп, өнерлерін ортаға салды.

Шара барысында Компанияның «Жас мамандар» кеңесінің күшімен дайындалған концерттік бағдарлама да көпшіліктің назарына ұсынылды. 

 «Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс  қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 - 2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.