сайт статистики

Ембілік мұнайшылардан жаңа жылдық сыйлықтар

Жаңа жыл қарсаңында «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) ұжымы өз еңбекақыларынан ерікті түрде қаражат жинап, Атырау облысы мен қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың 200-ден астам баласына жаңа жылдық сыйлықтар табыстады. Кей отбасылардың үйіне ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбековтің өзі барып, балаларды мерекемен құттықтады.

- Біздің Компания ел экономикасына, әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық жасауға да баса назар аударуда. Соңғы жылдары біздің ұжым жиырмадан астам қазақстандық отбасыға баспана алып берді. Соның ішінде, көпшілігі – Атырау облысының тұрғындары. 1922 жылдан құрылғалы бері «Ембімұнайгаз» компаниясы әлеуметттік салаларға да көңіл аударып келеді. 2012 жылдан 2019 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 триллион теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды, - деді ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ.

Естеріңізге сала кетейік, ЕМГ Басқарма төрағасы көтерген бастаманы «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ мұнайшылары жалғап, 2 миллион теңгеден астам жинап, Жылыой ауданының әлеуметтік аз қамтылған 12 отбасына кқмек көрсетті. 

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс  қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ 2012 және 2019 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша  республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 041 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.