Үздік бастауыш партия ұйымы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында салтанатты жиналыс өтіп, белсенді партия мүшелеріне марапаттар тапсырылды.
Атырау облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Ноғаев партия мүшелерін «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен және алғыс хаттармен марапаттады.
Марапат алғандар қатарында депутаттық корпус өкілдері, партияның қоғамдық қабылдауы, кәсіпкерлер мен мәдениет саласының өкілдері бар. Құттықтаған аймақ басшысы Тәуелсіздік күнінің әр қазақстандық үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.
- Елбасының саясаты мен Президент тапсырмасы аясында елімізде азаматтардың әлеуметтік ахуалын жақсартуға бағытталған көп жұмыстар атқарылуда. Аймақта жасалған жұмыстар да халықтың әл-ауқатын арттыруды мақсат етті, - деді Нұрлан Ноғаев.
Салтанатты жиналыста 14 аталым бойынша өткен байқау қорытындысы жарияланды. Олардың арасында партияның үздік бастауыш ұйымы болып Атырау қалалық филиалына қарасты «Ембімұнайгаз» АҚ бастауыш партия ұйымы танылды. ЕМГ бастауыш патия ұйымының төрағасы Әнуар Жақсыбековті партияның Атырау облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтап, марапаттады.
Жыл бойы жасалған ембілік нұротандықтардың еңбегіне ризашылығын білдірген өңір басшысы Н.Ноғаев: «Бұл – ел болашағына бей-жай қарамайтын, жауапкершіліктерімен ауызбіршілігі мықты ұжымның еңбегі. Бұл – ел тәуелсіздігіне қосқан үлес», - деп атап өтті.
«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.
«Ембімұнайгаз» АҚ 2012 және 2019 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 041 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.
«Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.