Кәсіподақпен ашық диалог – басты басымдық
«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ Компанияға қарасты өндірістік құрылымдық бөлімшелер мен басқару аппараты кәсіподақ комитеттерінің жетекшілерімен кездесті.
Кездесу барысында кейбір басқармаларда жаңадан сайланған кәсіподақ комитетінің басшыларымен танысу, 2019 жылдың тұрған жылдың қорытындысы мен алдағы жылда бірлесе атқарылатын жұмыстар негізгі тақырып болды.
- Соңғы жылдарда топ-менеджерлердің, Компания ұжымы мен кәсіподақ ұйымдарының бірлескен жұмыстарының нәтижесінде айтарлықтай табыстарға қол жеткіздік. 2015-2019 жылдар аралығында жыл сайынғы өнім өндіру көрсеткіші 80 мың тоннаға өсті. Биыл біз Қазақстан мұнайының 120 жылдығын атап өттік. Көмірсутек шикізат қорының елеулі өсімі қамтамасыз етіліп, «Тайсойған» блогында ауқымды сейсмобарлау жұмыстары аяқталды. 2012 жылдан бастап республикалық және облыстық бюджетке төленген төлемдер көлемі триллион теңгеден асты. Ембілік мұнайшылар волонтерлік бастамамен 21 қазақстандық отбасын баспанамен қамтамасыз етіп, Арыста болған жарылыстан зардап шеккендерге қолдау көрсетті. Атырау қаласы мен Атырау облысы бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған 200-ден астам балаға жаңа жылдық сыйлықтар тарту етілді. Кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып, алдағы уақытта да үлкен табыстарға қол жеткізетінімізге сенімдімін, - деді өзінің кіріспе сөзінде Ә.Жақсыбеков.
Кездесу барысында жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы арасындағы бірлескен жұмысты жандандыру мәселелері кеңінен сөз болды. Арнаулы киімдердің сапасы, әлеуметтік нысан-асханалардың жұмыс деңгейі, медициналық сақтандыру жәйлары т.б. мәселелер кеңінен талқыланды.
«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.
«Ембімұнайгаз» АҚ 2012 және 2019 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 041 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.
«Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.