сайт статистики

Ембіліктер Тәуелсіздік күнін атап өтті

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында ембіліктер үлкен марапаттарға ие болды.

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков ембіліктерді мерекемен құттықтап, бұл күннің елдің тәуелсіздік тарихында айрықша маңызға ие екенін айтты.

- Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жалпы еліміз үшін қиындықтар орын алды. Елдің бірлігінің арқасында қиындықтарды жеңе білдік. Соның ішінде, мұнай-газ секторы бойынша үлкен табыстарға қол жеткіздік. Егемендік алған сәттен бастап мемлекетіміздің экономика және әлеуметтік салаларында  жақсы жаңалықтар орын алды. Еліміздің қол жеткізген жетістіктерінде қазақстандық мұнайшылардың, соның ішінде, ембіліктердің қолтаңбасы зор екендігін мақтанышпен айтамыз. Компанияның ресми тарихы басталған 1922 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы еліміздің гүлденіп, дамуына сүбелі үлес қосып келеді, - деді ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ.

Салтанатты шара барысында компанияның өркендеуіне үлес қосқан жұмыскерлер түрлі марапаттарға ие болды.

KAZENERGY қауымдастығының «Құрмет грамотасымен» «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның Кенбай мұнай және газ өндіру цехының Шығыс Молдабек кен орнының мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы Талап НУРИЕВ, ал, «Алғыс хатымен» «Доссормұнайгаз» мұнай және газ өндіру басқармасының №1 Ботақан мұнай және газ өндіру цехының бастығы Бейбіт ЕЛЕМЕСОВ, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ геология және кен орындарын игеру жөніндегі бөлімінің инженері Рахметолла ҚҰСАЙЫНОВ, «Жылыоймұнайгаз»   МГӨБ №1 С.Нұржанов атындағы кен орны бригадасының жөндеушісі Нұрбай УКПЕГАЗИЕВ, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ №1 «Қосшағыл» мұнай және газ өндіру цехының  жөндеушісі Ержан АБДИҒАЛИЕВ, «Ембімұнайэнерго» басқармасы «Доссор» аудандық электр торабының бөлімше бастығының орынбасары Дмитрий ХАСАНҒАЛИЕВ, ӨТҚжЖКБ келісім-шарт, шартты орындау, есептеу және өткізу тобының (МТЖ) аға инженері Хамидолла АЛХАШОВ марапатталды.

«Доссормұнайгаз» МГӨБ ұңғыларды жерасты және күрделі жөндеу цехының Шығыс Мақат бригадасының 6 дәрежелі көтергіш машинисі Аманжан ҚҰРМАНҒАЛИЕВКЕ, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ №3 мұнай және газ өндіру цехының 4 разрядты мұнай және газ өндіру операторы Ерболат ЕСМАҒАМБЕТОВКЕ, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ № 2 «Терең-Өзек» мұнай және газ өндіру цехының мұнай және газ өндіру операторы Бағыт АЙМҰРАТОВҚА, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ Кенбай мұнай және газ өндіру цехының мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы Қайрат САТМАҒАМБЕТОВКЕ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Құрмет грамотасы табысталды.

«Жылыоймұнайгаз»   МГӨБ  Құлсарыдағы мұнайды дайындап айдау цехының Қисымбай мұнай дайындап айдау учаскесінің 4 разряд тауар операторы  Нұрлан ЖҰМАБАЕВҚА «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ естелік белгісі ұсынылды.

Орталық басқару аппаратының жас мамандары Ляззат ТУЛЕШОВА мен Дастан УНАЕВ компанияның «Құрмет грамотасымен», «Ембімұнайгаз» АҚ әлеуметтік саясат және инфрақұрылымдық нысандарды басқару жөніндегі департаментінің маманы Мұрат КУШЕНОВ пен геологиялық барлау жұмыстары департаментінің аға геологы Жұлдыз АРЫҚБАЕВА «Алғыс хатымен» марапатталды.

Салтанатты шара соңы Компанияда айдан астам уақыт бойы ұйымдастырылған «Мәдениет күндері» бағдарламасының қазылар алқасы шешімімен үздік шыққан мұнайшы-өнерпаздардың гала-концертіне ұласты.

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс  қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.