сайт статистики

Мәслихаттардың құрылғанына 25 жыл!

Биыл Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл.  Қазіргі таңда мерейлі мерекеге орай Атырау облыстық мәслихаты практикалық конференция мен салтанатты жиын өткізді. Тарихи датаға орай салтанатты жиын өткізіліп, табысты еңбек еткендерге құрмет көрсетілді. Мерекелік шараны өңірдің жаңа басшысы ашып, республикалық дәрежедегі төс белгілермен облысты маслихаттың іргесі қаланғаннан табысты қызмет атқарып келе жатырған біраз ардагерлерді марапаттады.

Ширек ғасыр ішінде елді-мекеннің бірқатар халық  қалаулылары  ел аманатын орындауға үлес қосты. Мәслихаттар жүйесі өз жұмысын бастағаннан бері өңірде өткен алты шақырылымда депутаттар халық пен атқарушы билік арасында тығыз байланыс орнатып, әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді үнемі назарда ұстап келеді

- Жыл басынан бері облыстық мәслихатта 40-тан астам сессиясында 112 мәселе қарастырылды. Бұл мәслихаттың өңірлік мәселелерге баса назар аударып жатқандығын көрсетеді, - деді Өмірзақ Зинуллин.

Салтанатты жиында әлеуметтің әлеуетін артыруға еңбек сіңірген депутаттар мен ардагерлерге Парламент Сенатының Құрмет грамотасы және Алғыс хаты, облыс басшысының алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өмірге де белсене атсалысып жүрген облыстағы ірі ұлттық компанияның бірі «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Ануар ЖАҚСЫБЕКОВте "Мәслихатқа 25 жыл" меркелік медалімен марапатталды.

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс  қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ 2012 және 2019 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша  республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 041 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.