Отандық өндірісті дамыту – басты назарда
«Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) Компания басшылығы мен коммерциялық блоктың кәсіпкерлік ұйымы өкілдерімен кездесуі болып өтті. Барлығы шараға Қазақстан Республикасы мен Атырау облысында қызметін жүргізетін 20-ға тарта әлеуетті жеткізу қатысты.
Бұл жолы аталған кездесу «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі ҰКП) қолдауымен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ барлық еншілес және тәуелді ұйымдарда өткізу жөніндегі бастамасымен ұйымдастырылды.
- Біз үшін кәсіпкерлік ұйымдарымен мұндай кездесу ұйымдастыру жақсы дәстүрге айналды. Мұндай кездесу осымен үшінші мәрте өтіп отыр. Әдеттегідей, Компанияның тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін жеткізушілердің ішінде қазақстандық компаниялардың көп бөлігі бар. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы көрсеткіш бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесі: тауарлар бойынша - 44%, жұмыстар - 99%, қызметтер - 96%-ды құрайды. Барлық сатып алу және келісім-шарт жасақтау процестері zakup.sk.kz веб-сайтында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (бұдан әрі - Қор) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу ережесі аясында ашық, электронды түрде жүзеге асырылады. Компанияның сатып алу жоспарлары және өткізілген сатып алулар туралы барлық ақпарат біздің zakup.emba.kz сайтымызда орналастырылған, - деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ.
Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла ИДРЕСОВ ағымдағы жылдың мамыр айында «Самұрық–Қазына» АҚ мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында қол қойылған отандық кәсіпкерлікті бірлесіп дамыту туралы келісім өндірістік кәсіпорындарға Қор компанияларымен ұзақмерзімді келісім-шарт жасауға, бизнестің дамуын қамтамасыз етіп, отандық өндірушілерді қолдау мақсатымен тиімді шешімдерді қабылдауға бағытталғанын айтып өтті.
- Отандық тауар өндірушілерді қолдау – «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу жүйесін дамытудағы негізгі мақсаттардың бірі. Қазақстандық тауар өндірушілердің дамуының арқасында Қордың компаниялары сапалы тауарды тиімді бағамен сатып алуда, соның арқасында сатып алуға бөлінген қаражат айтарлықтай үнемделуде, -деді А.Идресов.
Кездесу барысында Компания басшысы отандық өндірушілерге қолдау көрсету шараларымен, 2020 жылға Компания үшін қажетті тауарлар мен жабдықтардың тізбесімен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында реттелуге тиісті тауарлардың тізбесімен таныстырды. Сонымен қатар, Ә. Жақсыбеков әлеуетті жеткізушілерге «Самұрық-Қазына» АҚ тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережелеріне сәйкес қойылатын талаптар туралы айтты.
ЕМГ департамент директорының орынбасары Д.Туленов кәсіпкерлерді «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін сатып алу рәсімдеріндегі өзгерістермен, біліктілік алдындағы іріктеудің жаңа үлгісімен (БАІ) және сатып алудағы рәсімдері кезеңіндегі негізгі проблемалармен таныстырды.
Шара соңында бірнеше кәсіпкерлер ЕМГ-мен ынтымақтастық тәжірибесі туралы пікірлерімен бөлісті. Сұрақ-жауап сессиясында кәсіпкерлерді Қордың Сатып алу ережесіндегі алдағы өзгерістер туралы, Компанияның болашақ жобалары туралы ақпараттар қызықтырды. Ал, ЕМГ коммерциялық бөлімінің басшылығы мен мамандары бұл сауалдарға тұшымды жауаптар берді.
«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. 2012 және 2019 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трл 041 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударылды.
«Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.