Мақсат – әр іске дайын болу
5 желтоқсан күні «BELUGA» қонақүйінің конференц-залында «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу блогы қызметкерлерінің дәстүрлі форумы өтті.
- «Ембімұнайгаз» АҚ-ның 2027 жылға дейінгі Даму тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, Компанияда тұрақты дамуды қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Сөз жоқ, Тұжырымдағы негізіндегі барлық жобаларды жүзеге асыруға компания қызметкерлерін дамыту мәселелерін тиімді шешіп келетін HR-бөлім үлкен үлес қосуда, - деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ.
Форум барысында Компанияның барлық 6 өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің кадр қызметінің жетекшілері презентация таныстырды.
Әр жыл соңында Ембінің HR-мамандары бас қосып, өткен жылы атқарылған жұмыстарды саралап, ЕМГ-нің стратегиялық жоспарлары мен мақсаттары негізіндегі кадр саясат жұмысының алдағы міндеттерін бекітеді. Біз кәсіби өсу үшін тең жағдай жасап және қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас мәдениетін қалптастыра отырып, нәтижелерге және жаңа білім алуға ұмтылған қызметкерлерді бағалаймыз, - деп атап өтті ЕМГ қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу департаментінің директоры Гүлбану ШАРАФЕТДИНОВА.
Есептік баяндама кезінде Г.Шарафетдинова жиынға қатысушыларды бекітілген Тұжырымдама негізіндегі қызметкерлерді дамыту функционалдық стратегиясының барлық бағыттары бойынша HR-бөлімі қызметінің жұмысымен таныстырды.
Барлық кадр қызметінің жетекшілерінің баяндамаларын қорытындылап, Ә.Жақсыбеков барлық маманға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, кейбір бөлімшелердің жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар, өзге мұнай-газ компаниялары тарапынан жоғары бәсекелестіктің және әлемдік даму жағдайларына байланысты HR-бөлімі қызметінің тиімділігін арттырудың маңыздылығына тоқталды.
HR-форум EY Академиясының тренері Наталья Рашитова өткізген «DISC мінез-құлық стилі» тренингіне жалғасты. Тренинг барысында қатысушылар DISC құралдарымен танысып, әр мінез-құлық стилінің басты мінездемесін түсінуді үйреніп, DISC есептеу негізінде жеке тиімділікті арттыру, жеке және топтық жұмыстың сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар жасалды.
«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. 2012 және 2019 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трл 041 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударылды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.