сайт статистики

Ембіде қор көлемі ұлғайды

Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар корлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) С.Нұржанов кен алаңында қорлардың 9,6 миллион тоннаға ұлғайғанын бекітті. Нәтижесінде аталған кен орны бойынша қор  40,5 млн. тоннадан 50,1 млн. тоннаға дейін өсті.

- Байырғы кен орындарын игеруге ұтымды және ұқыпты қараудың және белсенді барлау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде соңғы жылдары Компания өндірілген мұнай көлемін едәуір ұлғайтты және қорлардың айтарлықтай өсуін қамтамасыз етті.

С.Нұржанов кен алаңы 1960 жылдардан бері игеріліп келе жатқанына қарамастан, ембілік геолог-мұнайшылар қолданған барлау әдістерінің нәтижесі суланудың төмен деңгейін сақтай отырып, ЕМГ үшін Каспий маңы мұнай-газ бассейнінің тұзүсті кен орындарынан мұнай өндірудің көп бөлігін қамтамасыз етуде.  Енді көмірсутегі қорын 24% -ға арттыру туралы шешім қабылданғаннан кейін, кен орны өзінің өмір сүру ұзақтығын бірнеше онжылдыққа ұзартады, мұнай өндіру коэффициентін бұрынғы деңгейін сақтап, Ембінің одан әрі тұрақты дамуын қамтамасыз етеді, - деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ.

Қорлардың өсуін қамтамасыз ететін негізгі факторлар – сейсмикалық және ұңғыма деректерінің негізінде құрылымдық-тектоникалық үлгіні нақтылау, есептелген параметрлер, жаңа ұңғымаларды бұрғылау, С2 санаты бойынша бағаланған учаскелерді сынау болып табылады.

С.Нұржанов кен орны 1960 жылы ашылып, 1963 жылы пайдалануға берілді. Ал, 1966 жылдан бастап өнеркәсіптік игеру жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы, кен орнының тарихында сегіз түрлі қорлар есебі жасалды. Соған сәйкес, кен орны жаңа горизонттар мен блоктардың дамуы есебінен үнемі өсіп отырды.

 

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. 2012 және 2019 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трл 041 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударылды. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.