сайт статистики

Бесінші стратегиялық сессия - Шығындарды басқару

Ағымдағы жылдың қазан айының 4-5 жұлдыздарында «Ембімұнайгаз»АҚ-да (бұдан былай ЕМГ немесе Компания) Компанияның 2027 жылдарға дейінгі Даму тұжырымдамасына (Тұжырымдама) арналған бесінші стратегиялық сессиясы  өтті.

Сессия жұмысына теп-менеджменттер, өндірістік құрылымдық бөлімшелердің (ӨҚБ) басшылары, жауапты департамент пен қызметтердің жетекшілері  қатысты. Сессия барысында Тұжырымдаманың бүгінгі даму бағытына шолу жасалып, есепті мерзім ішіндегі сыртқы және ішкі қатерлерді есепке ала отырып, алдағы перспективалар бойынша Тұжырымдаманы өзектендіру жоспары талқыланды.

  • Жаңа сын-қатерлер Компаниядан  жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану мәселелерінде шығындарды басқаруда  ең алдымен  өндірісті басқаруды, геологиялық-барлау қызметтерін, мұнайкәсіпшілік қондырғыларын жөндеуді, қызметкерлерді басқаруды, транспортпен қамтуды, энергетика және басқа да сауалдарды талап етеді,-деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты ТАСМАҒАМБЕТОВА сессияның қорытындысында. 

Сессия жұмысы кезінде өзгерген   ішкі және сыртқы факторларды ескере отырып    Компанияның баламалы даму стратегиясын әзірлеуде   командалық тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылды. Әр команданың көшбасшылары   мұнай-газ өндіру басқармаларының басшылары  болды.  Бұдан басқа, стратегиялық сессияда Тәуекелдерді басқару қызметінің жетекшісі Төлеген Базарбеков арнайы даярланған кейстерді пайдалана отырып, сессияға қатысушылар алдында   тәуекелдерге баға беру бойынша мастер-класс өткізді.  

     Стратегиялық сессияда су ресурстарын басқару мәселелеріне баса мән беріліп,  "ҚазМұнайГаз" ҰК» АҚ бойынша  су ресурстарын басқару  департаментінің еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау  сарапшысы Ксения Юркавец шақырылды. Оның презентацияларының бір бөлігінде өмірлік маңызды мәселелер - су ресурстарын басқаруға қатысты ағымдағы және келешектегі проблемалар  қозғалды.  

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 24 сәуірінде  ЕМГ директорлар Кеңесінде  алдағы 10 жылға арналған Тұжырымдама қабылданды. 

 Тұжырымдамаға компания қызметінің стратегиялық маңызды бағыттары – игерілудегі кен орындарына түпкілікті  барлау жүргізу, жерқойнауын игеруде жаңа келісімшарттар алу, жаңа технологияларды енгізу, жаңа активтерді алу, шығындарды оңтайландыру, мұнай кәсіпшілігі қондырғыларын жаңарту, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсарту, жолдарды жөндеу, арнаулы көлік т.б. мәселелер кірді. Аталған бағдарламалық құжат қоршаған орта мен еңбекті қорғау бағыты бойынша  HR и IT функционалдық дамыту стратегиясының   негізгі бағыттарына еніп отыр.

 

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09;

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.