сайт статистики

«Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының «Жайықмұнайгаз» және «Жылоймұнайгаз» мұнай-газ басқармаларына (МГӨБ) арналған жұмыс сапарының күн тәртібіндегі негізгі мәселе мұнайшылар үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және ағымдағы жылдың жоспарлар

- ЕМГ-де Компания қабылдаған миссия мен құндылықтар шеңберіндегі өндірістік қызметтің тиімділігін арттыру бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Мұнайшылардың жұмыс істеуі мен демалуы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірқатар жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда, - деді ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков МГӨБ ұжымдарымен кездесу барысында.

Компания басшысы 24 дана арнайы техника үшін салынып жатқан гараж-тұрағын қарап, сапаны қатаң түрде қадағалау қажеттілігін атап өтті. Оңтүстік-Батыс Қамысты кен орнында болған кезде көлденең бұрғылау жүргізіліп жатқан №242 ұңғымаға кірме жолдың құрылысы тексерілді. Осы жерде Ә. Жақсыбеков осы учаскеде жоспарланған жұмыстарды жүргізіп, жерасты жөндеу тобының жұмысшыларымен сөйлесті. Сапар барысында ЕМГ басшысы №2 су тарату станциясының жұмысымен танысты.

Өндіріс сапары барысында болған жиында ағымдағы жылдың тоғыз  айы бойынша  жоспарланған міндеттердің орындалуы туралы ақпарат алынды және ЕМГ және «Жайықмұнайгаз» МГӨБ жауапты департамент өкілдеріне бірқатар өндірістік міндеттерді шешуге және әлеуметтік нысандарды салуға тапсырмалар берілді.

ЕМГ басшысының «Жылоймұнайгаз» МГӨБ-на барған кездегі нұсқауларының бірі - Құлсары қаласының орталығы тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі – «Мұнайшылар» паркін күрделі жөндеу жөніндегі тапсырма  болды.

«Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-на жұмыс сапары барысында Ә.Жақсыбеков бірқатар өндірістік нысандардың жұмысымен танысты және қорытынды жиын өткізді. Онда жоспарланған басқару көрсеткіштері мен проблемалық мәселелер, оның ішінде тиімділігі төмен кен орындарының инфрақұрылымына инвестициялаудың қажеттілігі төмен екені талқыланды.

 
 

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі  

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 - 2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.