Мұнайлы өңір- Мақат ауданына 95 жыл!
«Ембімұнайгаз» АҚ-ның (ЕМГ немесе Компания) ірі өндіріс алаңдары орналасқан Мақат кентінде ауданның құрылғанына 95 жыл толуына арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік шараға облыс, аудан басшылығы, ЕМГ басшылығы, аудан тұрғындары, мұнайшылар мен ардагер мұнайшылар қатысты.
Еліміздің мұнай-газ секторы үшін ерекше оқиға - Қазақстан мұнайына 120 жылдығымен тұспа тұс келген мұнайлы өңірдің 95 жылдық шарасына ембілік мұнайшылар да үлкен дайындықпен келді. Айтулы мерекелік шаралар ЕМГ ұжымы мен аудандық әкімшіліктің бірлескен жұмысымен жүзеге асты.
Салтанатты шара «Мақат ауданы- қазақ мұнайының көшбасшысы» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференциясынан бастау алды. Конференцияда «Ембі: кеше, бүгін, келешекте» атты баяндама жасаған «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ қазақ мұнайының бастауында тұрған - Ембі өндірісінің кешегі мен бүгінгісіне қысқаша шолу жасады.
Айтулы шараның аясында аламан бәйге, қазақша күрес спорттық шаралары, сонымен қатар, "Мақтанышым-Мақатым" атты аймақтық ақындар айтысы өтті. Аудан тұрғындарына «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық өнерпаздардың қатысуымен гала концерт пен отшашуды сыйға тартты.
«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. 2012 - 2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.