Ардагер мұнайшылар ұлықталды
Қазақстан мұнайының 120 жылдық мерейтойы қарсаңында «Ембімұнайгаз» АҚ бас кеңсесінде Компанияның Орталық басқару аппараты зейнеткерлері мен бұрынғы басшыларды Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің «Қазақстан мұнайына 120 жыл» мерекелік медалімен марапаттау шарасы өтті.
- Компанияның тұрақты дамуы мен өндірістік жетістіктер – ардагер мұнайшылар, басшылардың маңдай терінің жемісі. Сондықтан, мерейтойлық медальдарды алдымен Ембі өндірісінің қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан ардагер-мұнайшыларымызға табыстағалы отырмыз. Сіздердің еңбектеріңізді біз әрдайым еске алып, жас мамандарға үлгі тұтамыз. Сіздер қалыптастырған өндірістегі табысты еңбектеріңіз бүгінде сәтімен жалғасуда, - деді салтанатты жиында ардагерлерді құттықтаған ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ.
Айта кетейік, барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелерде де зейнеткерлерге мерекелік төсбелгілерді табыстау шарасы өтті.
«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. 2012 - 2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.