Мұнайшылар өз палуандарын анықтады
Қазақстан мұнайының 120 жылдық мерейтойы қарсаңында «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі - ЕМГ немесе Компания) биыл алғаш рет орай «МҰНАЙШЫ БАРЫСЫ» атты қазақша күрестен жарыс өткізіп, ең мықты мұнайшыларын анықтады. Аталмыш жарысқа компанияға қарасты алты өндірістік құрылымдық бөлімшенің (ӨҚБ) 90 келіден жоғары абсалют салмақтағы 22 палуаны қатысты.
- Биыл Қазақстан мұнайына 120 жыл толып отыр. 1899 жылы ЕМГ келісімшарт аумағындағы «Қарашүңгіл» құрылымынан алғаш мұнай бұрқағы атқылады. Осы шараға орай ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Компания мерекелік шаралар легін бастады. Солардың бірі - ембілік мұнайшылар арасында өтіп жатқан бүгінгі қазақша күресі. Шарада Компанияның өндірістік құрылымдық бөлімшелерінен келген 22 қызметкер боз кілемде бақ сынасты. Біз бұл турнирді Ембі өндірісін игеруге алғашқылардың бірі болып ат салысқан, жасампаз еңбектерімен қиындықтарды жеңе білген ардагерлеріміздің құрметіне арнаймыз, - деп атап өтті өз сөзінде ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ.
Спорт шарасында 90 келіден жоғары салмақтағы 22 спортшы ақтық мәреде «Мұнайшы барысы» белдігіне таласты. Мұнайшылар арасында барыс атанған палуан- Тайжанов Аян («Қайнармұнайгаз» МГӨБ мұнай дайындау және айдау шебері) 2019 жылдың алғашқы қазақша күрестің былғары белдігімен марапатталуымен қатар 250 000 теңгенің сертификатына ие болды. 2 орынды иеленген сайыскер- «Жайықмұнайгаз» МГӨБ мұнай дайындау және айдау цехының операторы Мұхаммедрахим Оралбеков 150 000 мың теңгені иеленсе, 3-ші орынды қанжығаларына байлаған палуандар Ерлан Амангелдиев («Қайнармұнайгаз» МГӨБ мұнай және газ өндіру операторы) пен Жаңабай Мұхтаров («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ ұңғымаларды жер асты жөндеу операторы) 100 000 мың теңгелік сертификатпен марапатталды.
Қазақстан мұнайының 120 жылдығының аясында ЕМГ-де бірнеше мерекелік шаралар өз нәтижесін тапты. ӨҚБ арасында спартакиада, Атырау қаласы «Сарықамыс» мөлтек ауданындағы мектеп оқушылары арасында мұнай мен газ тарихына арналған ашық сабақ, «Менің бақытты балалық шағым» атты компания қызметкерлерінің балалары арасындағы шығармашылық сайыс, «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ-на (КМГ ҰК) қарасты еншілес мекемелері арасындағы спартакиада, КМГ ҰК АҚ бойынша «Үздік маман» сайысының 2-кезеңі, «Каспий самалы» мұнайшылар қалашығында («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Прорва кен алаңы) Компанияға қарасты барлық басқармалар жастары арасындағы «Брейнг-ринг» интеллектуалды ойыны өтті.
«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. 2012 - 2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.