сайт статистики

С.Нұржанов атындағы кен алаңында орын алған жағдайға байланысты «Ембімұнайгаз» АҚ-ның (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) ақпараты

ЕМГ-ге қарасты «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-нің С.Нұржанов атындағы кен алаңдары тобының №302 ұңғымасы 1981 жылдан бері пайдаланылуда.

Қабат суының түзілуін шектеу үшін 2019 жылғы 02 шілдеде ұңғыма ЕМГ-нің мердігер мекемесі – «КазТехМунайСервис» ЖШС-не (бұдан әрі КМТС) берілді. Ал, ол өз кезегінде ұңғымаларды күрделі жөндеу (бұдан әрі ҰКЖ) бойынша жұмыстарды қосалқы мердігер «Геоконтроль» ЖШС-не тапсырды. Ағымдағы жылдың 17 тамызында «Геоконтроль» ЖШС жұмыс бригадасының өндіріс технологиясын сақтамауына байланысты ұңғыманың сағасы ашылып кетіп, газ-су қоспасының ағуы орын алды.

2019 жылғы 18 тамызда «ПВАСС» РМК күшімен газ-су қоспасының ағуы тоқтатылды. Тапсырыс беруші – ЕМГ тарапынан газ-су қоспасының ағуын жедел жою және қоршаған ортаға әсерді азайту мақсатында материалдармен, жабдықтармен және арнайы жабдықтармен қамтамасыз етуде жан-жақты көмек көрсетілді.

2019 жылғы 19 тамызда төгілуді жою бойынша барлық жұмыстар аяқталды. Ұңғымалар аумағы қалыпқа келтірілді. Қазіргі таңда ҰКЖ жоспары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл оқиға Қаламқас кен орнында ұңғыманы бұрғылау кезінде болған су-газ қоспасының атқылауы (грифон) апатының аналогиясы емес.