сайт статистики

Мұнай саласындағы еңбек өтілі бар түлектер

«Ембімұнайгаз» АҚ студенттерді дуалдық оқыту бағдарламасы бойынша төртінші жыл қатарынан жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықта жұмыс жасап келеді. 10-шілде күні өткен Атырау мұнай-газ университеті және APEC PetroTechnic Жоғарғы колледжінің түлектеріне диплом тапсыру салтанатты шарасына «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков қатысты. 

- Дуалды оқыту бағдарламасын жүзеге асыру арқылы Компания отандық мұнай-газ саласына білікті кадрларды дайындауға сүбелі үлесін қосып келеді.  2015 - 2018 жылдар аралығында  Ембі өндірісінде барлығы 78 студент дуалды оқытудан өтті. Олардың  20 - сы  – «APEC PetroTechnic» Жоғарғы колледжінің студенттері болса, 54-і - С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің шәкірттері. Олардың барлығы орта білім туралы дипломмен бірге нақты мұнай өнеркәсібінде жұмысқа орналасуға арналған жұмыс кітапшаларын да алды. Сонымен қатар, өндірістіккен алаңдарымызда тағылымдамадан өткен студенттердің жартысынан көбі дерлік компанияға жұмысқа орналасты, - деді өз сөзінде Ә.ЖАҚСЫБЕКОВ.

Биылғы жылы дуалды оқыту бағдарламасы негізінде 43 студент «Технологиялық қондырғылар операторы», «Химиялық талдау зертханашысы», «КИПиА дәнекерлеушісі», «Мұнай және газ өндіру операторы», «Ұңғымаларды зерттеу операторы» мамандықтары бойынша оқуды тәмамдады. 

                                   «Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 - 2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.