Сандық жүйе сапаны жақсартады
Жуырда «Ренесанс» қонақүйінде ҚР Энергетика министрлігі, «PROFIT Online» ЖШС және Kaspersky компаниясының ұйымдастыруымен мұнай-газ саласындағы цифрландыру мәселесі бойынша конференция өтті.
«Ембімұнайгаз» АҚ өндірісті автоматтандыру және ақпарат технологиясы департаменті директорының орынбасары Серік Сагинбеков «Интеллектуалды кен алаңы» тұжырымдамасымен таныстырып, Уаз кен алаңында енгізілген концепция туралы толығырақ айтып берді.
- Тұжырымдаманың енгізілуе орай, электр энергиясын пайдалану 30%-ға азайып, ұңғымаларды жөндеу аралық мерзімі айтарлықтай қысқарып, олардың тәуліктік өнім өндіру көрсеткішіне есеп жүргізуге мүмкіндік туды. 2017 жылы бұл жоба «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Прорва кен алаңына енгізілсе, 2018 жылы «Жайықмұнайгаз» МГӨБ Жаңаталап кен алаңына қолға алынды. 2024 жылға дейін ЕМГ-ге қарасты 12 кенішке тұжырымдама таратылады, - деп атап өтті өз сөзінде С.САГИНБЕКОВ.
«Интеллектуалды кен алаңы» жобасы «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. «Интеллектуалды кен алаңы» жобасының мақсаты:
- Мұнай өндіруді және басқа да жалғаспалы бизнес процестерді оңтайландыру бойынша жедел шешім қабылдау және талдау, мониторинг жүргізу үшін компанияның өндірістік процесстерін өндірісті жедел басқару Орталығына шынайы уақыт режимінде түсетін ақпараттарды бұдан әрі қорытындылау және бизнес-процестерді автоматтандыру,
- Жетілген активтерде – табыстылық, мұнай беру және жалпы дайындау мерзімін созу бойынша міндеттердің мақсатқа сәйкес дайындаудың соңғы кезеңдерінде жоғары суландырылған кен орындарға қолданылатын басқарушылық шешімдер қабылдауды қолдау.
Жиын соңында конференцияға қатысушылар аталған тұжырымдаманың жасақталуы, қазіргі нақты тиімді тұстары жайында сауалдарын қойып, жауаптар берілді.
«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар: Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ– «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара
(ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ қызметін ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.