ҚМГ спартакиадасы: Атырауда І топ іріктеу турнирі мәресіне жетті
Атырауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы еншілес және тәуелді ұйымдары арасында спартакиадасының І тобының іріктеу кезеңі өтті.
Екі күнге созылған додада «Ембімұнайгаз» АҚ командасынан басқа «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Казгермұнай» БК» ЖШС, «Argymak Trans Service», «Тұлпар Мұнай Сервис», «Технологиялық бақылау және ұңғымаларға қызмет көрсету» (ТБжҰҚК) компанияларынан 200-дей спортшы жарыс алаңына шықты.
Сегіз спорт түрінен, атап айтсақ, кіші футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, армрестлинг, тоғызқұмалақ, шахмат, жүзуден жарыстар облыс орталығындағы төрт спорттық нысанда өтті. Қызықты да тартысқа толы турнирге қатысушыларға қош келдіңізін білдіріп, алғысын білдірді.
Бұл жарыс дәстүрге айналды. Себебі, бұл жарыс жыл сайын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына кіретін кәсіпорында қызметкерлерінің корпоративті рухын өсіріп, әріптестер арасында ауызбіршілік пен достықты қалыптастырады. Биыл бұл спартакиада Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналып отыр. Өздеріңіз білесіздер, қазақ мұнайының тарихы Атырау жеріндегі Қарашүңгіл кен алаңында мұнайдың атқылауынан басталды. 120 жылдық мерейтой қарсаңында сіздерді қарсы алып отырғанымызға қуаныштымын, - деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков.
Спартакиаданың іріктеу кезеңі төмендегі нәтижелермен аяқталды:
Үстел теннисі (ерлер):
І орын – Талап БАРБОЛОВ, «Тұлпар Мұнай Сервис»;
ІІ орын – Мэлс КИМ, «Казгермұнай» БК» ЖШС;
ІІІ орын – Бекзад ШАДКАМ, «Қаражанбасмұнай» АҚ.
Үстел теннисі (әйелдер):
І орын – Марина КИМ, «Казгермұнай» БК» ЖШС;
ІІ орын – Жанар ҚАРЖАУБАЕВА, «Қаражанбасмұнай» АҚ;
ІІІ орын – Тамара САБИРОВА, «Ембімұнайгаз» АҚ.
Тоғызқұмалақ (ерлер):
І орын –Бекнұр ҒАБДЫРАСЫЛҰЛЫ, «Қаражанбасмұнай» АҚ;
ІІ орын – Қайрат ТОЙБОЛОВ, «Казгермұнай» БК» ЖШС;
ІІІ орын – Сырым МҰРАТОВ, «Ембімұнайгаз» АҚ.
Тоғызқұмалақ (әйелдер):
І орын – Бейбітгүл ӘБДІРАЗМАНОВА, «Казгермұнай» БК» ЖШС;
ІІ орын – Айна АЙМАҚОВА, «Ембімұнайгаз» АҚ;
ІІІ орын – Жанар ЮСУПОВА, «Қаражанбасмұнай» АҚ.
Армрестлинг (ерлер, -80 кг):
І орын – Ерхан КЕЛДІБАЙҰЛЫ, «Казгермұнай» БК» ЖШС;
ІІ орын – Ерлан КОЙЛЮБАЕВ, «Argymak Trans Servise» ЖШС;
ІІІ орын – Жұмат САҒЫНДЫҚОВ, «ТБжҰҚК» ЖШС.
Армрестлинг (ерлер, +80 кг):
І орын – Бахтияр ТӨЛЕУБАЕВ, «Қаражанбасмұнай» АҚ;
ІІ орын – Қанжар СЫДЫҚОВ, «Argymak Trans Servise» ЖШС;
ІІІ орын – Наурызбек ЖҰМАҒАЛИЕВ, «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС.
Армрестлинг (әйелдер, -65 кг):
І орын – Қарашаш УМИРЗАКОВА, «Ембімұнайгаз» АҚ;
ІІ орын – Құралай АҚЖІГІТОВА, «Қаражанбасмұнай» АҚ.
Армрестлинг (әйелдер, 665 кг):
І орын – Майра АМАНОВА, «Ембімұнайгаз» АҚ;
ІІ орын – Әлия ШАЙТЫМОВА, «Казгермұнай» БК» ЖШС;
ІІІ орын – Сара АКАЕВА, «Қаражанбасмұнай» АҚ.
Жүзу (ерлер, 100 м):
І орын – Гани ЧАЛАБАЕВ, «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС;
ІІ орын – Вадим ЮРТАНОВ, «Казгермұнай» БК» ЖШС;
ІІІ орын – Руслан АСАНОВ, «Қаражанбасмұнай» АҚ.
Жүзу (ерлер, 100 м):
І орын – Елена ТУБАКИНА, «Казгермұнай» БК» ЖШС;
ІІ орын – Айнур ТАНКАШЕВА, «Ембімұнайгаз» АҚ.
Шахмат (ерлер):
І орын – Ерлан ҚАСЫМХАНОВ, «Казгермұнай» БК» ЖШС;
ІІ орын – Есенғали САТИМОВ, «Argymak Trans Servise» ЖШС;
ІІІ орын – Ерлан ЖҰМАҒАЛИЕВ, «Ембімұнайгаз» АҚ.
Әйелдер арасында шахматтан «Ембімұнайгаз» АҚ-нан басқа командалардан өтінім түспеуіне байланысты финалдық кезеңге ЕМГ атынан Ақмарат УСАЛИЕВА жолдама алды.
Волейбол (ерлер):
І орын – «Ембімұнайгаз» АҚ құрама командасы;
ІІ орын – «Қаражанбасмұнай» АҚ құрама командасы;
ІІІ орын – «ТБжҰҚК» ЖШС құрама командасы.
Волейбол (әйелдер):
І орын – «Ембімұнайгаз» АҚ құрама командасы;
ІІ орын – «Қаражанбасмұнай» АҚ құрама командасы.
Баскетбол:
І орын – «Казгермұнай» БК» ЖШС құрама командасы;
ІІ орын – «Ембімұнайгаз» АҚ құрама командасы;
ІІІ орын – «Қаражанбасмұнай» АҚ құрама командасы.
Кіші футбол:
І орын – «Казгермұнай» БК» ЖШС құрама командасы;
ІІ орын – «Ембімұнайгаз» АҚ құрама командасы;
ІІІ орын – «Argymak Trans Servise» ЖШС.
Барлық жүлдегерлер диплом, медаль, куботкрамен марапатталды. Сонымен қатар, жүлделі І орынды иемденген қызметкерлер «КазМұнайГаз» ҰК» АҚ 2019 жылғы Спартакиадасының финалдық кезеңіне жолдама алды. Командалық спорт түрлері бойынша үздік ойын өрнегін көрсеткен мұнайшылар жекелеген номинациялар бойынша марапатталды.
Жарыстың жабылу салтанатында жарысқа қатысушы компаниялардың өкілдері сөз алып, іріктеу турнирінің өте тартысты және ұйымшылқыпен өткенін атап өтіп, ұйымдастырушы «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығы мен ұжымына алғыс білдірді.
«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ– «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ қызметін ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.